Антарктидада не үшін екі дәрігер болады немесе Леонид Рогозов оқиғасы
Антарктида Оңтүстік поляр аймағының орталығында орналасқан. Көлемі 14 млн шаршы шақырым шамасындай құрлықты игеру ХІХ ғасырдың аяғында басталды. Материкті 1820 жылы орыстың саяхатшылары Беллинсгаузен мен Лазарев бірінші болып ашты.
Құрлықты және оның жағалау бөлігін ғылыми түрде зерттеуді Роберт Скотт экспедициясы бастаған. Ал оның оңтүстік плюсін игеру жарысы норвегиялық саяхатшы Амундсен мен ағылшын саяхатшысы Скот арасында 1912 жылы басталды. Аяғында оңтүстік полюске Амундсен тобы ағылшындардан 1 ай бұрын жетті.
Восток станциясы
Ал "суық шөл" құрлығына станциялар құру өткен ғасырдың 50-жылдарында қолға алына бастады. Қазір Антактидада әлемнің 30-дай елінің 100-ден аса ғылыми-зерттеу станциясы бар. Олардың көпшілігі құрлық жағалауында орналасқан. Тек АҚШ-тың "Амундсен-Скот" (оңтүстік полюсте), Ресейдің "Восток" және Қытайдың "Куньлунь" станциялары материктің орталығында.
Амундсен-Скот станциясы
Антарктида қойнауында мол кен байлықтарының (тас көмір, темір, слюда, графит, алтын, уран, молибден, мыс, никель, қорғасын, мырыш, күміс, титан, т.б.) қоры бар екені анықталды және олардың кейбірі өндіріле бастады. Антарктида табиғатын зерттеп білу планетамыздағы тіршілік дамуының өткені мен болашағы арасындағы байланысты анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл жерде жыл он екі ай адам аяғы үзілмейді. Оның үстіне "Амундсон-Скот" станциясына жыл сайын 400 турист саяхаттап барады.
Сондықтан бұл жерде дәрігерлер қызмет етіп, емханаға қажетті құрылғылардың барлығы болады.
Өз-өзіне ота жасаған Рогозов
Бірақ мұның барлығы бір күнде жасалған жоқ. Көпжылдық тәжірибенің арқасында жүзеге асты. Мысалы ХХ ғасырдың 60-жылдарында Антарктидаға ғылыми топпен бір ғана дәрігер еріп баратын. Бұл жағдай Леонид Рогозов атты дәрігердің басына төнген келеңсіздік болғанға дейін жалғасты.
Леонид Иванович Рогозов 1934 жылы Чита облысының Борзинский ауданында дүниеге келген. Леонид мектепті бітіріп, әскерде қызмет еткен соң Ленинград педиатриялық медициналық институтына оқуға түседі.
1960 жылы қарашада Л.Рогозов 6-шы кеңес Антарктикалық экспедицияның мүшесі болып, ғылыми топ желтоқсан айында Антарктидаға келеді. Олар Кеңес Антарктида станциясы Новолазаревскаяны 1961 жылы 18 ақпанда құрып бітіреді. 1961 жылы 29 сәуірде дәрігер өзінде әлсіздік, жүрек айну, қызба белгілері барын және іші ауырғанын байқайды. 13 адамнан тұратын экспедициядағы жалғыз дәрігер болғасын ол өзіне жедел аппендицит диагнозын қояды. Консервативті емдеу тактикасы (демалу, аштық, суық ауада серуендеу және антибиотиктер) нәтижесіз аяқталады.
Келесі күні температурасы одан сайын көтеріледі. Жақын станциялардың бірде-бірінде ұшақ жоқ еді, оның үстіне ауа райының қолайсыздығы жағалаудан 80 шақырым қашықтықта орналасқан станцияға ұшуға мүмкіндік бермейтін. Науқастың өмірін сақтау үшін, жедел түрде ота қажет еді. Мұндай жағдайдан шығудың жалғыз жолы – Рогозов өзіне ота жасау деп шешеді.
Сонымен дәрігер Рогозов 1961 жылы 29 сәуірде түнде өзіне ота жасауды бастайды. Оның ассистенттері метеоролог құралдарды әперіп тұрды, инженер-механик дәрігердің жақсы көруі үшін айнаны ұстап тұрады, ал станцияның басшысы екі ассистенттің бірі есінен танып қалса көмекке келуге дайын болатын.
Рогозов әлсіреп, жиі үзіліс жасап, ота 1 сағат 45 минутта аяқталды. Бес күннен кейін температурасы қалыпты жағдайға келді, ал екі күннен кейін дәрігер отаның жібін алып тастайды.
Осылай Рогозов өз-өзіне ота жасаған төртінші дәрігер атанды. Бұған дейінгі үш жағдай (Винер, Эван О'Нил Кейн, Кейн) наркозсыз жергілікті анестезияның тиімділігін дәлелдеу үшін тәжірибе түрінде жасалған болатын.
Осы оқиғадан соң Леонид Рогозов Кеңес Одағына батыр ретінде оралды, оның аты бүкіл әлемге танылды.
1961 жылы хирург Рогозов Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.
Восток станциясы
Амундсен-Скот станциясы
Антарктида қойнауында мол кен байлықтарының (тас көмір, темір, слюда, графит, алтын, уран, молибден, мыс, никель, қорғасын, мырыш, күміс, титан, т.б.) қоры бар екені анықталды және олардың кейбірі өндіріле бастады. Антарктида табиғатын зерттеп білу планетамыздағы тіршілік дамуының өткені мен болашағы арасындағы байланысты анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл жерде жыл он екі ай адам аяғы үзілмейді. Оның үстіне "Амундсон-Скот" станциясына жыл сайын 400 турист саяхаттап барады.
Өз-өзіне ота жасаған Рогозов
Бірақ мұның барлығы бір күнде жасалған жоқ. Көпжылдық тәжірибенің арқасында жүзеге асты. Мысалы ХХ ғасырдың 60-жылдарында Антарктидаға ғылыми топпен бір ғана дәрігер еріп баратын. Бұл жағдай Леонид Рогозов атты дәрігердің басына төнген келеңсіздік болғанға дейін жалғасты.
https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/64355/