Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қазақтың ұлдары»: Ержан Максимнің жаңа бейнебаяны шықты

«Қазақтың ұлдары»: Ержан Максимнің жаңа бейнебаяны шықты

 Қазақстандық дарынды әнші Ержан Максимнің жаңа бейнебаяны таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мен бұл әнді еліміздің Тәуелсіздік күніне арнағым келеді. Халқымыз тату-тәтті әрі бірлікте өмір сүргенін қалаймын», – деді әнші.
Бейнебаянды Алматыда «Хабар» агенттігінің шығармашылық тобы түсірген. Әнге жауынгерлік рух, тайсалмайтын мінез, қажымас қайрат арқау болған. Басты кейіпкер ретінде Ержан Максимнің өзі түскен. Сондай-ақ клиптен танымал әншілерден Бүркіт пен Нұрлан Абдуллинді, Жігіттер тобын, спортшылардан Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимовті, кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровты көруге болады.
«Хабар» телеарнасының директоры Динара Бисембина жастарға осылайша қолдау білдіру керектігін айтады.
«Ержан Максимді қолдауға бел будық. Ән батырларға арналған. Бұл бейнебаянды Ержанның қазақстандықтарға арнаған сыйы деуге болады», – дейді ол.
23 желтоқсан 2020 ж. 757 0