12 жастағы бала өрттен аман қалған, оқып көрелік...

"Кәдімгі ауыл баласы, өте ақылды. Менің ойымша, мәселе оның қайда бару керек екенін жақсы түсінбеуінде болған сияқты, сонымен қатар түтіннің кесірінен жолдан адасқан", - дейді Биндун қаласының өрт сөндірушілерінің бірі Крейг Спенсер. Өрт сөндірушілер баланы қауіпті аймақтан алып шығып, полиция қызметкерлеріне тапсырған, олар баланың әкесімен байланысқа шыққан. Иван Старрок ұлын мақтан тұтатынын айтады. “Біз оған жеті жасында көлік жүргізуді үйреттік. Мен оны мақтан тұтамын. Ол біз айтқан нәрселерді орындады”, - дейді Старрок ABC тілшісіне берген сұхбатында. Полиция өкілі Майкл Дели орман өрттері өршіп тұрған аудандардағы басқа отбасыларды іс-қимыл жоспарын жасауға шақырды.
Батыс Аустралиядағы өрт сөндірушілер алты күн дегенде Перттің солтүстігінде басталған өртті сөндірді. Өрт 13 мың гектар аумақты қамтыды. Дүйсенбіде кейбір аудандардағы қауіп деңгейі төмендеді, бұрын эвакуацияланған кейбір тұрғындарға үйлеріне қайтуға рұқсат етілді. Өткен аптада Сиднейдің кейбір аудандарында ауаның ластануы рұқсат етілген деңгейден 22 есе жоғары болды. Ғалымдар мен сарапшылар Аустралияда орман өрті климаттың өзгеруіне байланысты деп санайды. Метеорология бюросының хабарлауынша, климаттың өзгеруіне байланысты қатты ыстық кезеңдер ұзаққа созылып, құрғақшылық сияқты табиғи апаттар күшейе түскен.