Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Өз денесінен тыс болу": Ғалымдар өлер алдында адамның не сезетінін айтты

"Өз денесінен тыс болу": Ғалымдар өлер алдында адамның не сезетінін айтты

Даниялық, Норвегиялық және Германиялық ғалымдар адамдардың шамамен 10 пайызы қайтыс болардың алдындағы уайымды бастан өткеретінін анықтады (немесе ағылш. near-death experiences). Бұл туралы еуропалық неврология академиясының бесінші конгрессі аясында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Medicalxpress басылымына сілтеп.
Зерттеуге краудсорсингтің онлайн-платформасы арқылы 35 елдің еріктілері қатысты. Белгілі болғандай, өлім алдындағы уайым өлім қаупі төнбеген кәдімгі адамдарда да, сондай-ақ, шын мәнінде өміріне қауіп төнген адамда да байқалған. Мысалы, автомобиль апатында немесе жүрек ұстамасын бастан кешкенде біліген.
Еріктілердің айтуынша, өлер алдындағы жағдай уақытты бұрмалаумен байланысты болды. Бұл туралы сынаққа қатысқан адамдардың 87 пайызы атап өтті. Тағы 65 пайызы ойлау жылдамдығының жоғарылап кеткенін сезген, 63 пайыз сезімнің күрт өзгеруі (құбылуы) туралы айтқан. 53 пайызға жуығы өз денесінен тыс болу сезімі туралы айтқан.
Сонымен қатар, еріктілердің 73 пайызы өлімге қарсы күйзелістер жағымсыз екенін мәлімдеді. Ал еріктілердің 27 пайызына тәжірибе ұнаған.

15 қазан 2019 ж. 688 0