Тұрекеңнің тапқырлығы

– Мынау Тұрмағамбет деген Кетенің үлкен ақыны, Табалдырықтан құдай айдап келіп тұр. Әйтпес, арнайылап ауылыңа шақырсаң келтіре алмайтын жалпақ елге сыйлы дамолла. Қонақасыға қолдағы жалғыз лақты сойып, молданың батасын алып қалайық, - дейді ері.
Артынша көп күттірмей-ақ әйелдің кесімді жауабы естіледі:
– Өзің де құры, қонағың да құрысын. Кет! – деп шорт кесіпті.
Үйге ұнжырғасы түсіп кірген қожайынға Тұрекең:
– Уа, Әбдікәрім, рұхсат болса, мен нан ауыз тиіп, жүрейін.
“Жолаушының жол ақысы – жүрсе бітеді!” - деп кетуге ыңғайланыпты.
– Онда батаңды бере ғой, - депті үй иесі.
Сонда Тұрекең алақанын жайып, тілекті ішінен күбірлей айтыпты да бір кезде “Әумин” деп бата қайырыпты. Әбдікәрім онан:
– Сіз батаны бізге түсініксіз тілінде күбірлеп айттыңыз. Әрі саусағыңызбен біресе мені, біресе әйелімді көрсеткендей болдыңыз. Бізге қандай тілек тілегеніңізді білуге болмас па екен? – деп сұрапты.
Мұндай батаның сырын айтқысы келмесе де үй иесі қоймапты. Сонда Тұрекең:–Құдай мынаған берсін! Құдай мынаған берсін!- деп саусағымның ұшымен сені көрсеттім, - депті. –Ал, келесі саусағыңмен әйелімді көрсетіп тұрдыңыз, оған қаратып не айттыңыз? – депті үй егесі.
– Жарайды, қоймадың ғой, айтайын депті. Сенің әйеліңе қаратып:
– Құдай алса мынаны алсын! Құдай алса мынаны алсын! – деген едім, - дейді тапқыр ақын. Сол сәтте әлгі әйелдің екі көзі тас төбесінен шығыпты. “Ойбай, молдеке, жалғыз лақты сояйын, батаны қайтадан беріңіз. Мынауыңыз тілек емес қарғыс қой” – деп, кеткелі тұрған ақынды жалынып алып қалыпты.Мұны айтқан Қасарбек деген жыршы ағамыз.
Д.ЕЛУБАЕВ.
syrboyi.kz