Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Аллигатор салмағы 45 кг питбульді иесінің көзінше жеп қойды

Аллигатор салмағы 45 кг питбульді иесінің көзінше жеп қойды


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тағы Флорида штатының Оберндейл қаласында аллигатор итке шабуыл жасады. Бұл туралы Lenta.ruхабарлады.

Таңертең қала тұрғыны Синтия Робинсон Танк есімді алып питбулін серуендеуге алып шыққан. Олар тоғанның қасынан өтіп бара жатқан кезде аллигатор оның итіне тап берген.
«Ол сондай жылдам болды. Итке тап беріп, ұстап алды. Танктің құтылып кетуге еш мүмкіндігі болмады», - деді Робинсон.
Әйелдің сөзінше, рептилияның ұзындығы шамамен 3 метр.
«Мен итіме көмектескім келді. Алайда, аллигатор өте үлкен болды. Мен бұрын соңды ондай аллигаторды көрмеген сияқтымын. Бәлкім, "Буш Гарденсте" көрген болармын», - деді ол.
Флориданың "Буш Гарденс" ойын-сауық паркінде ірі жануарларды, соның ішінде қолтырауындарды, аллигаторларды және мүйізтұмсықтарды ұстайды.
«Итімді аллигатордың қалай жалмап жатқанын көруден басқа амалым болмады. Басқа біреудің, әсіресе баланың бұндай жағдайға тап болғанын қаламаймын», - деп сөзін қорытындылады ол.
Флорида штатының балық және табиғат ресурстарын қорғау қызметінің комиссиясы аллигаторларды аулаумен айналысатын маманды жіберді, ол  рептилияны іздеуге кірісті.
Флоридада миссисипийлік аллигаторлар кең тараған. Олардың ересектерінің салмағы 200 килограммға дейін, ал ұзындығы 3,4 метрге дейін жетеді.
12 тамыз 2019 ж. 51 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (8731)

15 қазан 2019 ж.

№79 (8730)

12 қазан 2019 ж.

№78 (8729)

07 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам