Өзбекстанда жол апатынан Қазақстанның үш азаматы көз жұмды
Өзбекстан Республикасының Науаи облысында болған ірі жол-көлік апаты салдарынан Қазақстанның үш азаматы көз жұмды.
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2019 жылдың 3 тамызында Науаи облысы Нұратин ауданындағы «Нұрата-Жизақ-Фариш» автожолының 136-шақырымында «Нексия» автокөлігі жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кетіп, «Исузу» жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Жеңіл автокөлікте жүргізушімен бірге 7 адам отырған. Оның екеуі бала», – делінген ҚР СІМ хабарламасында.
Соқтығыс салдарынан оқиға орнында Қазақстан Республикасының 3 азаматының (1952, 2013 және 2016 жылы туған) көз жұмғаны хабарланып отыр.
«ҚР-ның тағы үш азаматы айтарлықтай жарақат алып, Нұратин ауданының Медициналық мекемесінің жансақтау бөліміне жеткізілді. Бүгінгі таңда олардың бәрі есін біліп жатыр. Бірақ жағдайлары ауыр», – деді ведомстводан.
Қазақстандық дипломаттар зардап шеккен азаматтар мен олардың туған-туыстарына барынша көмек көрсетуде.
«Көз жұмған және зардап шеккен ҚР азаматтарының бәрі де Өзбекстаннан көшіп келген азаматтар. Бәрі бір-біріне туыс. Осыған байланысты туған-туыстары ажал құшқандарды Өзбекстан аумағына жерлеу туралы шешім қабылдап отыр», – деп хабарлады ҚР СІМ-нен.
24.kz