Арал теңізі қашан пайда болған?
Арал теңізінің нақты пайда болған кезеңі белгілі болды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz «Qyzylorda» телеарнасына сілтеме жасап.
Көлемі бойынша әлемдегі 4 теңіз саналған Арал 17500 жыл бұрын қалыптасқан. Он жылдан бері ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізген ресейлік және американдық ғалымдар осындай тоқтамға келген. Бұл туралы Ресейдің «Сібір ғылымы» басылымы жариялады.Ғалымдар алғаш 2008 жылы Арал теңізін зерттеуді бастады. Содан бері оның ұлтанан бірнеше ұңғымалар қазылып, жер қыртысы мен микрофорамасының құрамына зерттеу жүргізілген. Ал алынған сынамалардың нәтижесінде ғалымдар Тұран ойпатында 17500 жыл бұрын пайда болған деген тұжырымға келген.
Ал Аралдың қалыптасу кезеңі одан әрі, 18-23 мың жыл бұрын, яғни Тянь-Шань мен Памир тауларының шыңындағы үлкен мұздықтар еріп, төменгі сағаға құйылған мол судан теңіз пайда бола бастаған. Сондай-ақ жоғарыдан түсетін судың мөлшері берде көбейіп, бірде азайып отырғандықтан жылдар өте келе, теңіздің тұздылығы артқан. Бастапқыда бұл көрсеткіш 3,5 мрангелді құраса, кейін 130-ға дейін көтерілген.
Ал Аралдың тартылу кезеңі 60-шы жылдары басталды. ХХІ ғасырдан бастап Арал теңізінің Солтүстік бөлігін сақтап қалу бағытында ғасыр жобасы қолға алынды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Саратс» жобасы жүзеге асырылып, теңізді екіге бөлетін «Көкарал» бөгеті салынды. Бүгінде кіші Аралдың айдыны қайта суға толып, аралдықтардың ата кәсібі жанданды.