Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақша шақыратын жаттығу

Ақша шақыратын жаттығу

   

Қазақта ақша шақыратын бірнеше ырым бар. Ал мына жаттығу баюдың жолдарын көрсететін тренингтердің бірінде айтылған. Ендеше жасап көрейік, артық болмас. Ақ парақты алып, оны екіге бөлесіз.
Терең тыныстап, дем шығарғанда көзіңізді жұмып, балалық шағыңызды есіңізге түсіресіз. Сіз алты жастасыз. Ақшаға қатысты жайтты есіңізге алыңыз, ата-анаңыздың не айтқанын ойлаңыз. Ақ парақтың бір жағына есіңізге түскеннің бәрін жазыңыз, кім қандай сөз айтты, қандай жағдай болды? Тағы бір рет тыныс алып, дем шығарғанда 90-жылдар жайлы ойлаңыз. Бұл жолы да ақшаға қатысты бар мәселені есіңізге алыңыз. Тағы да қағазыңызға түртіп қойыңыз. Енді соңғы рет тыныс алып, қайтып шығарғанда дәл қазіргі күніңіз жайлы ойлаңыз.  Санаңыз сізге жөнді жауап беруі тиіс. Бар болыңыз, бай болыңыз! 

18 қаңтар 2019 ж. 1 857 0