Онлайн-марафон түбіңізге жетіп жүрмесін
Бүгінде ғаламторды пайдаланбайтын адам жоқ шығар. Ал онда кейінгі кездері артық салмақтан арылуға көмектесетін онлайн-марафондар да жүргізіліп жатыр. Яғни оған ғаламтор арқылы қатысуға болады.
Мұндай марафондардың кейбіріне жарна төлеу керек, ал оны ұйымдастырушы адам жеңімпазға сыйлық уәде етеді. Марафон жүргізуші адам (куратор, жаттықтырушы, психолог, өз тәжірибесін ұсынушы адам, т.б.) ғаламтор арқылы күн сайын арнайы жаттығулардың, қандай тамақ ішу керектігінің бейнежазбасын жариялап тұрады. Ал қатысушылардың міндеті – фото және видеоесептер жасап, ұйымдастырушыларға жолдап тұру. Кім барлық тапсырманы орындайды, ақтық сынға жетеді, қатысушылар кімге көбірек дауыс береді – сол жеңімпаз болып табылды. Яғни адамды жарыс пен бәсекелестік, өзін көрсетуге деген ұмтылыс жаулап алады. Оның үстіне өзгелермен пікірлесу, сырласуға да мүмкіндік мол. Сондықтан да артық салмақтан арылғысы, керемет дене сымбатына қол жеткізгісі келетіндер осындай онлайн-марафондарға көптеп қатысуда.
Ал мұның кей адамдарға зияны тиюі де әбден мүмкін екен. Сондықтан кімнің де болса қателік жіберіп алмағаны жөн. Осы орайда онлайн-марафонға қатысушыларға мынадай жайларды есте ұстау ұсынылады:
1. Онлайн-марафонға қатысу үшін алдымен дәрігерден кеңес алған абзал. Мысалы, қант диабетімен ауырып, ІІ және ІІІ дәрежелі семіздік диагнозы қойылған, кейбір созылмалы аурудан зардап шегетін адамдардың мұндай жаттығуларға қатыспағаны дұрыс болмақ.
2. Онлайн-марафонға қатысу кезінде жайсыздық сезінген адам оған немқұрайды қарамауы керек. Мысалы, буындар ауырса, аяқ-қол домбықса, жүрек тым қатты соқса, тағы басқадай жайсыздықтар мазаласа, оған жіті мән беру керек.
3. Онлайн-марафонда «екі аптада салмақ тастайсыз», «марафоннан соң сымбатыңыз кереметтей болады» деген сияқты уәделерге тым сене беруге де болмайды. Өйткені нәтиже адамның алғашқы салмағына да байланысты. Бұдан әрі жылдам азудың да өзіндік қатерлері бар. Сондықтан дене салмағына, тамақ рационына да мән беру керек.
4. Адам өзінің мінез-құлқын да есепке алуы керек. Жұртпен ашық пікірлесіп-сырласа аласыз ба, кемшіліктеріңізді мойындап, одан нәтиже шығару қолдан келе ме, шыдамдылық-төзімділігіңіз қалай, ерік-жігеріңіз жете ме – тағы басқалай жақтарына да мән беріңіз. Әйтпесе орта жолға жертпей зорығып, бетіңіз қайтып қалуы мүмкін. Мұның да психологиялық зияны жоқ емес.
5. Төзімділік, ерік-жігерім мықты деп адам өзін тым қинай беруіне де болмайды. Нақты күндегі нақты хал-ахуалыңызға да мән бріңіз. Мысалы, «айлық қонағы» көп келіп жатқан әйел алғашқы 2-3 күнде өзіне көп салмақ салмауы керек.
6. Марафонды ұйымдастырушылардың кәсіптік деңгейіне де көз жұма қарау дұрыс емес. Өйткені сіз ол адамдарға өз денсаулығыңызды сеніп тапсырып отырсыз. Сондықтан олардың кәсіптік деңгейі, жауапкершілігі жөнінде алдын-ала білген абзал. (Жалпы, онлайн-марафон өткізушілердің көбінің медицинаға қатысы жоқ, олардың жұмысы тіркеуге алынып, лицензияланбайды. Сондықтан денсаулыққа қандай да бір зиян тисе, бұл үшін жауап бермейтінін де ұмытпау керек). Жаттықтырушының жеке адам үшін нақты тамақ рационын тағайындап беруі де екіталай. Барлығына стандартты кеңестер беріледі. Ал адам ағзасы әрқалай. Сондай-ақ онлайн-марафонға қатысушы адамдардың да артық салмақ мөлшері әрқалай болып келеді.
7. Кей марафондарда жеңімпазға «омыраудың пластикалық операциясы», «аппақ қардай тіс» деген сияқты тегін сыйлықтар уәде етіліп те жатады. Мұндайға қызығып, тәуекел ету үшін де алдымен өз денсаулығыңызды жақсылап ойлап-таразылап алыңыз.
8, Онлайн-марафонға қатысу үшін (егер солай шешсеңіз) алдын-ала дәрігерге тексеріліп, тиісті кеңес алу керк. Процесс кезінде де оған көрініп тұрған артықтық етпейді. Ал марафонға қатысып болған соң бұрынғы өмір салтына бірден қойып кетуге болмайды. Бұрынғыша тамақтанып, ал жаттығуды мүлде ұмытсаңыз, арада көп өтпей бұрынғыдан да семіре бастауыңыз әбден мүмкін. Егер де онлайн-марафон әсерінен артық салмақтан расында да арылған болсаңыз, онда енді осы деңгейді ұстап қалу үшін әрекеттенуіңіз керек. Ол үшін өзін-өзі қинаудың қажеті жоқ, дұрыс тамақтанып, дұрыс физикалық жаттығулар жасап, саламатты өмір салтын қалыптастырған дұрыс.
http://www.zamana.kz/