Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Адам не үшін артық салмақ жинайды ?

Адам не үшін артық салмақ жинайды ?














Дене пішінің қалыпты болуы денсаулыққа зор әсерін тигізеді. Ертең деніңіздің сау болғаны керек болса, бүгіннен бастап жағдай жасаңыз.  Мына суреттен өз мүсініңізге ұқсайтынын тауып, нөміріне сәйкес себебі мен салдарын оқыңыз. 


















1. Көп тамақтану Әлемде артық салмақ жиналуының ең көп кездесетін себебі – шектен тыс тамақтану. Егер денеңіздің жоғарғы бөлігінің барлығына май қабаттары жиналса, демек, сіз қантты және барлық тамақты көп мөлшерде қабылдайсыз. Қазіргі тамақтану тәртібіңіз өзіңізге қалыпты көрінуі мүмкін. Бірақ өзгелер қанша жегеніне емес, өз тамақтануыңызға көңіл қойыңыз. Шешімі: Тамақтанар алдында жарты литр су ішсеңіз, өзіңізді тоқ сезініп, түскі және кешкі асты күндегіден азырақ жейсіз. Шай мен кофені 1-2 күн қантсыз ішіңіз, кейін оған тез үйреніп кетесіз. Тәттіден бас тарта алмасаңыз, өзіңізге тек кептірілген жемістер (өрік, қараөрік, інжір, құрма) және мармелад, зефир жеуге ғана рұқсат етіңіз. Күніне кем дегенде 30 минут дене жаттықтырыңыз (би, жүгіру, секіру, жаяу жүру). 2. «Жүйкесі жұқа» қарын Егер артық май үнемі тек қарын айналасына жиналатын болса – ішіңізде күйзеліс, қиналыс болуы мүмкін немесе өмірде үнемі бір нәрседен қорқып, уайымдап жүресіз. Шешімі: «Жүйкесі тозған» қарыннан зардап шегетіндер күйзелістен арылу үшін тәттіге үйір болады. Егер кез келген нәрсеге күйгелектенуді қойсаңыз, кәмпит жеуді де солай доғарасыз. Бұл артық салмақтан арылуға көмектеседі. 3. Бөксе толықсуы Артық салмақты бөксесіне жинайтын адамдар гормон үйлесімсіздігіне ұшырағаны. Шешімі: Бұл мәселенің шешімін табу үшін темекі мен ішімдіктен бойды аулақ ұстап, көп қозғалуға тырысыңыз. 4. Метаболизмдік үйлесімсіздік. Семірудің бұл түріне шалдыққандар майды құрсақ қуысына жинайды да, тыныс алуда қиналады. Шешімі: Ең алдымен ішімдіктен үзілді-кесілді тиылыуыңыз керек. Одан кейін, әдеттегі тізім бойынша: таңертең жаттығу жасау, аптасына 1-2 рет спортзалға бару, жаңа диета. Өсімдіктерді көп жеуге тырысыңыз. 5. Күре тамыр жолының семіруі Артық салмақ қосудың бұл түрі тұқым қуалауға байланысты, яғни сіздің әкеңіз не анаңызда осындай толықсу түрі бар. Аяқ айналасына шоғырланған май салауатты өмір салтын сақтанбаудан тумайды. Мұндай мәселесі бар әйел заты аяғының үнемі ісіп тұруынан қиналады. Бұл әсіресе, жүкті болған кезде оңай болмайды. Шешімі: Жиі жүгіру, жай жүру және жеделсаты қолданбай, көпқабатты ғимараттарға сатымен көтерілу. Аяққа күнделікті салмақ түсіріңіз. 6. Әрекетсіздіктен толысу. Бұрын өте белсенді болып, қазір қозғалысы азайған адамдар семірудің осы түріне шалдығады. Мысалы, бұрын үнемі бимен, спортпен шұғылданып, қазір кеңседе не көлікте отыратындар бірден қарны шығады. Шешімі: Бұл мәселеден құтылу үшін белгілі мерзім ішінде аштық сезімін бастан кешіңіз. Күніне бір не екі рет қана тамақтану жеткілікті. Шынында да. Кешкісін көп тамақтануды доғарасыз. Сіз бәрібір тұрақты түрде жүгірмейсіз. Сондықтан тамақтану тәртібін біраз уақытқа өзгерткен жөн. Жиі-жиі болса да аз-аздан жеңіз. Көкөністі көп, макаронды аз, жемісті көп, тоқашты аз жеңіз.  


Дереккөз: massaget.kz

05 қараша 2018 ж. 1 603 0