Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ


2018 жылдың 29 қазан – 11 қараша (қоса алғанда) аралығында Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен электронды үкімет веб-порталы арқылы (www.egov.kz) көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру мақсатында облыс тұрғындарын ынталандыруға бағытталған «Барлығына бірдей, әркімге қол жетімді» акциясы өткізілетіндігін хабарлаймыз. Портал арқылы:
– әрбір 250-шы қызмет алушыға ұялы телефон және ақпарат тасығыш (флешка) немесе картридер және ақпарат тасығыш (флешка)
– әрбір 330-ші қызмет алушыға смартфон
– әрбір 410-шы қызмет алушыға планшет
– әрбір 720-шы қызмет алушыға фотоаппарат
– әрбір 1550-ші қызмет алушыға ноутбук
– 4100-шы қызмет алушыға теледидар сыйға тартылады.
Акция төмендегі электронды мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылар арасында жүргізіледі:
1) Кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру
2) Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою
3) Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру
4) Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу
5) Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу
6) Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру
7) Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу
8) Медициналық қызметке лицензия беру
9) Фармацевтикалық қызметке лицензия беру
10) Тұрғын үй көмегін тағайындау
11) II, III және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру
12) Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру
13) Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту
14) Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру
15) Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу
16) Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну
17) Архивтік анықтамалар беру
18) Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы
19) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау
20) Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
21) Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
22) Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру
23) Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру
03 қараша 2018 ж. 893 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930