Қажетті ақпаратты есте сақтаудың әдістері
Егер сіз халықтың алдына шығатын болсаңыз, айтатын материалды жинақтап, дайындалуыңыз керек. Қазіргі күні мамандар «жаппай жаттауды» қате әдіс дейді. Сол себепті назарларыңызға материалды жаттаудың 2 әдісін ұсынамыз: 1. Егер дайындыққа 2 күндей уақытыңыз болса, мынадай ретпен дайындалыңыз: - алғашқы қайталау – бір рет оқып болған бойда; - екінші рет қайталау – бірінші рет қайталағаннан кейін 20 минут өткен соң; - үшінші рет қайталау – екінші рет қайталағаннан кейін 8 сағат өткен соң; - төртінші рет қайталау – үшінші рет қайталағаннан кейін 24 сағат өткен соң. 2. Егер уақытыңыз шектелмеген болса, оның үстіне ақпаратты ұзағырақ есте сақтау үшін мына әдісті пайдалануға болады: - алғашқы қайталау – бір рет оқып болған бойда; - екінші рет қайталау – бірінші рет қайталағаннан кейін 20-30 минут өткен соң; - үшінші рет қайталау – екінші рет қайталағаннан кейін 1 күн өткен соң; - төртінші рет қайталау – үшінші рет қайталағаннан кейін 2-3 апта өткен соң; - бесінші рет қайталау – төртінші рет қайталағаннан кейін 2-3 ай өткен соң. Осы әдістерді қолданып көріңіз. Іске сәт!
Дереккөз: massaget.kz