Белгісіз кәсіпкер 65 гектар жерге еккен картопты тегін таратып жатыр
Солтүстік Қазақстан облысында белгісіз кәсіпкер еккен картобын тұрғындарға жинауға берді. Қазір оны Бескөл ауылының маңында адамдар жанұяларымен бірге қазып жүр. Бір қызығы шаруа жерді мемлекетке қайтарып беріп, шыққан өнімін алмай кеткен. Бұл туралы zakon.kz, Хабар 24 арнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды. Қырғауыл Байжанова 77-де. «Бескөл ауылының маңында картоп жиналмай қалды», - дегенді ол да естіп осында келді. Бірақ оның кімдікі екенін ешкім білмейді. Адамдар лек–легімен ағылып, қап-қабымен қазып алып жатыр. Үмітжан Бектемірова, Бескөл ауылының тұрғыны: - Әне ана поляның барлығы әлі алынған жоқ. Мына жерлерді алып жатыр. Кеше де келіп алғанбыз балаларымызға көмек бұл. Картоп көп. Жететін бүкіл жұртқа жетеді. Фермерге рахмет хабарлаған, қазып алыңыздар деп. Айдарбек Айтмұхамбетұлы - Бұл алқапқа картоп биыл бірінші рет егілді. Соған қарамастан мол өнім шықты. Міне жұдырықтай ірі–ірі. Енді оны жинап алу керек. Өйткені күн суытса, картоп жердің астында үсіп қалады. Картоп 65 гектар жерге егілген. Адамдар алқаптың жартысына жуығын жинап алды. Оны қазып алуға кәсіпкердің өзі рұқсатын беріпті. Аманжол Сәкенов, Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы: - Адамдарға айттық. Бәрі біледі. Бірақ басында қорықты ма, сенбеді ма, аз-аздан келіп жүрді. Содан кейін жаппай жинай бастады. Бұл жерден кем дегенде 30 млн теңге пайда табуға болады. Кәсіпкердің картопты жинамай, адамдарға тегіннен тегін бере салғаны түсініксіз. Ол өзі туралы айтпауды сұрапты
Источник: zakon.kz