Энергияны қайдан аламыз?
Ештеңеге күш пен ынта жоқ кезде энергия қорын қайдан аламыз? Энергия өміріміздің айқындауышы екені құпия емес. Жігерлі болу әдісі әр адам үшін өзіндік болып келеді. "Қуаттайтын" әмбебап құрал жоқ, бірақ сергектік жағдайға шығатын нақты бағыттар бар. Мотивация әрқашан жігерлілікпен, максималды әсерге, нәтижеге жете алатын жағдаймен және жалпы өзіңізді жақсы сезінумен тікелей байланысты. Сонымен, энергия алатын бағыттарға тоқталайық: - Ішкі мақсаттар біздің жағдайды анықтайды. Егер базалық ішкі сенімі, мысалы, "адамдар қуану үшін өмір сүреді" деген секілді болса, адам көптеген сәттерді жақсы бірдеңе алуға, позитивті нәрсе көруге болатын мүмкіндік ретінде қабылдайды. Егер жетекші сенімі, мысалы, "өмір қиын", "бақыт оңай жолмен келмейді" деген болса, онда жігерлілікке деген жол жабылып қалады. Соның себебінен әрекет бағыты өзінің ішкі принципіне қарай жүреді. Яғни, әр нәрсеге шынымен де үлкен күшпен жетеді. Сондықтан, өзіңізді позитивті күйге бағыттаңыз. Позитивті күй деген – "аспанда ұшып жүру"емес, ол сізді қоршаған жақсы нәрселерге, сізді жымитатын адамдарға және кішкентай болса да еңбегіңіздің жемісіне мән беру, көре білу. - Өз мұқтажыңызды білу жақсы көңіл күйге деген жолды қамтамасыз етеді. Егер көңіл күйіңіз жоқ кезде жабырқаңқылық, уайым, енжарлық пайда болса, бұл қандай да бір қажеттілігіңіздің қанағаттанбағандығын көрсетеді. Бұл кезде не қалайтындығыңызға жауап беру керек. Мысалы, жақын адамдарыңызбен қатынас жетіспейді дерлік. Жақын адамдарыңызбен қатынас не береді? Мысалы: қолдау сезімі, мақұлдау. Орындалмаған қажеттілікті тапқан соң, ол қайда, қашан және қандай жолмен жүзеге асатындығын анықтау керек. Қаншалықты көп шешім болса, соншалықты жақсы. Қажеттілік жүзеге асқан бойда көңіл күй көтеріледі және энергия босап шығады. Өзіңізбен жұмыс жасап, қажеттілікті жүзеге асырып, нәтижеге жеткен соң, энергия зарядын аласыз. - Егер күн тәртібі, толыққанды тамақтану, қалыпты ұйқы және физикалық белсенділік секілді қарапайым заттарға мән бермесеңіз, жігерлілік азая береді. Сөзсіз, әркімнің туа салысымен өзінің физиологиялық, генетикалық және энергиялық ерекшеліктері бар. Бірақ туа салысынан адамға қандай энергия деңгейі берілген болса да, ағзаға қажетті мән берілмесе, ерте ме кеш пе энергия бітеді. Егер өзіңізді күні бойы жақсы сезіну үшін кешкі 11-ден қалмай, ұйықтау керектігін білсеңіз, онда ол сіздің қалыпты шамаңыз. Сол сияқты энергиялық қорыңызды сақтау үшін әр сағат сайын кішкене үзіліс жасау керек болса, сол ережені сақтаңыз. Дұрыс күн тәртібі, жақсы ұйқы және дұрыс тамақтанудың арқасында ағзада тепе-теңдік орнап отырады, ал физикалық белсенділік қуаттылық, төзімділік, ой белсендігін дамытады. - Сізге қызықты, ал басқаларға пайдалы іспен айналысу – уайымға салынбауға көмектеседі. Істің қызығына кіріп кеткен адамдардан энергия шашылып тұратынын байқаған боларсыз. Егер әлі "өз ісіңізді" таппаған болсаңыз, байқап көріңіз, іздеңіз. Бір хоббиді бастап, оларды тастап кете беруден қорықпаңыз, себебі ол сіздің ісіңіз емес. - Жігерлілік жағдайына кіру нүктесінің міндетті шартына қуатты адамдармен сөйлесу жатады. Айналаңыздағы адамдар сізге өз әсерін береді, сондықтан өзіңізді қолдайтын, сенімділік сыйлайтын, өз мысалымен ынталандыратын адамдармен қоршаңыз. Әрекетшіл адамдармен сөйлесуге ашық болыңыз. - Қажетті күйге келуге көмектесетін тағы бір бағыт – сіздің бейнеңіз, киім стиліңіз. Жеткіңіз келетін мақсатқа қарай киініңіз. Гардеробыңызда көңіл күйіңізді көтеретін киім болуы керек. Мысалы: өзіңізді сенімді әрі керемет сезінетін костюм немесе көңіл күй сыйлайтын иіссу. Сенімділік пен күш жеткіліксіз болса, өзіңізге шақыру тастаңыз: "Менің қолымнан келеді!", "Мен істей алам ба екен?".
https://massaget.kz/
https://massaget.kz/