Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Молшылық жетсін десең, еңбек ет

Молшылық жетсін десең, еңбек ет

«Ұлт Жоспары» 100 нақты қадамның 5 және 6 тармақтарын іске асыру барысында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бас­тап ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, әділет министрлігі және Маңғыстау облысы мен Астана қаласы әкімдіктерінің базаларына факторлық-баллдық шкала негізінде жаңа еңбекақы төлеу жүйесінің пилоттық режимі енгізілді.
Бүгінде қызметкердің жалақысы тек қана екі параметр бойынша – еңбек өтілі мен оның атқаратын лауазымының санатына байланысты. Бұл ретте, атқарылған жұмыстың күрделілігі мен қызметкердің тиімділігі ескерілмей келетін.
14 жылдан астам уақыт бұрын қолданысқа енгізілген жүйе осы аралықта ешқандай концептуалды өзгерістерге ұшыраған емес.
Осылайша, орталық пен өңірдің, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер мен жеке сектор жұмысшыларының еңбекақысы арысында диспропорция туындады. Бұдан бөлек, сыйақы мемлекеттік мекеменің жинақ қорына байланысты болғандықтан ауылдық және аудандық деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлер сыйақыны іс жүзінде алмайды.
Еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі аталған мәселелерді ретке келтіруге мүмкіндік береді.
Жаңа жүйе негізгі 2 бөліктен тұрады. Біріншісі, мемлекеттік қызметкерден білімді талап ететін жұмыстың күрделілігін ескеретін факторлық-баллдық шкала. Екіншісі, қызметкердің жыл бойы атқарған жұмысының нәтижесіне қарай жылына бір рет өткізілетін бағалау қорытындысы негізінде берілетін бонустық жүйе.
Осылайша, жылдың аяғында мемлекеттік қызметшіге кем дегенде төрт жалақы көлемінде бонус төленеді.
Сонымен қатар, айлық жалақы қызметкерлердің атқаратын жұмысының күрделілігі мен мазмұнына байланысты болады.
Бұл мемлекеттік қызметкердің лауазымдық деңгейі мен қызмет өтілі ескерілетін дәстүрлі жүйеден ерекшеленеді. Бұрынғы тарифтік шкала бойынша, министрлік қызметкерлерінің әкімдіктің қызметкерлерінен және кез­ келген басшының орындау­шы­ қызметкерлердің жұмысының маз­мұны­на, күрделілігіне қарамастан айтарлықтай жалақысы жоғары болатын.
Жаңа жүйе қолданысқа енгізілгеннен кейін өңірлер мен орталықтың мем­лекеттік қызметшілерінің еңбек­ақысының арасындағы айыр­машылық 70%-дан 10%-ға дейін қысқартылады.
Мысалы, бұған дейін облыс әкімдігінің бас маманы әділет министрлігінің бас сарапшысынан орташа есеппен 70%-ға аз алатын болса, алдағы уақытта мұндай айырмашылық бар болғаны 10%-ды құрайды.
Сонымен қатар, бүгінгі күні ауылдық округ әкімі аппаратының жетекші маманың ең төменгі жалақысы орта есеппен 70-80 мың теңгеден аспайтын болса, болашақта ауылдық жердегі қызметшілердің жалақысы екі есеге дейін өседі.
Бұл аумақтан кадрлардың кетуін қысқарып, жергілікті жерлерде мемлекеттік аппараттың тұрақтылығын қамтамасыз етті және кадр потенциалын нығайтты.
Осылайша, кадр тұрақтылығы сақталып, мемлекеттік қызметке кіруге ынталы азаматтар қатары артады.
Факторлық-баллдық шкала негізінде лауазымдардың барлығы 3 фактор арқылы бағаланатын болады.
Біріншісі, еңбек міндеттерін тиімді орындау үшін қажетті білім деңгейі, құзіреті және жұмыс тәжірибесі. Екіншіден, лауазымға жүктелген міндеттердің күрделілігінің дәрежесі бағаланды. Және соңғысы нәтижеге қол жеткізбеу жауапкершілігінің дәрежесі сараланады. Яғни, олардың біліктілігі, жүктелген міндеттің көлемдік дәрежесі, белгілі бір нәтижеге қол жеткізудегі жауапкершілігі есепке алынбақ.
Бұл факторлардың әрқайсысына балл шығарылады және олардың жиынтығы жаңа еңбекақы жүйесінде лауазымның алатын орнын анықтайды. Барлық лауазымдарды бағалау нәтижесінде олар 4 блокқа топтастырылады.
Алғашқы топ орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларын, аппарат жетекшілері мен комитет төрағаларын қамтитын жоғары басшылық құрамды қамтиды. Кейінгісі ­негізгі құрам. Үшінші топ әрекет етуші құ­рамнан тұрады, оларға құқықтық, қаржылық, кадрлық, ақпараттық және қоғамдық қатынастар үшін жауапты лауазымдар жатады.
Сондай-ақ, әкімшілік және шаруашылық қызметке жауапты лауазымдардан тұратын қосалқы құрам жатады.
Мемлекеттік қызмет сапасын арттырумен қатар мемлекеттік қызметкердің өз міндетіне деген жауапкершілігін еселене түседі. Осы жағына үлкен мән беріліп отыр. Жалпы алғанда, жаңа жүйені енгізу практикада баламалы жұмысты орындау үшін тең сыйақы принципін жүзеге асыруды, сондай-ақ ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасында көрсетілген нәтижелерге негізделген сыйақыны қамтамасыз етеді.


Е.ҚАРЫМСАҚОВ,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының
орынбасары.
06 қазан 2018 ж. 306 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (8715)

20 тамыз 2019 ж.

№63 (8714)

16 тамыз 2019 ж.

№62 (8713)

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам