Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүрегі бар өсімдік

Жүрегі бар өсімдік

Табиғаттың сезімталдығын айтпаңыз. Мына бір жапырағында жүрегі бар өсімдік өлмес махаббатты күллі әлемге паш етіп, "жүрегі дүрсілдеп" тербеліп тұр.  Колумбия, Коста-Рика, Никарагуа, Панама, Эквадор жерлерінде өсетін өсімдіктің аты - Columnea consanguinea. Бір қарағанда қарапайым көрінетін жаратылыстың өзге өсімдіктен өзгешелігі жоқ дей алмайсыз. Оның жапырағында жүрек өседі...  Өсімдіктанушылар жүрек тәрізді бояу Columnea consanguinea-ны тозаңдандыратын колибридің назарын өзіне аудару үшін эволюция нәтижесінде пайда болған дейді. Колибри құсының түс ажырату мүмкіндігі өте жақсы дамыған. Өсімдіктің жүрегін бірінші болып неміс ботанигі Йоханнес фон Ханштайн 1865 жылы байқаған екен.  «Сonsanguinea» латын тілінен аударғанда "қанмен жазылған" деген мағынаны білдіреді. Жап-жасыл жапыраққа қызыл түспен жүрек салып, тыныс берген Табиғаттың шеберлігіне осыдан кейін таңырқамай көріңіз! Айтпақшы, сүйген жаныңызға осы өсімдікті бір көру сапарын сыйласаңыз, нағыз романтика дегеніңіз сол болатын шығар... 

Massaget.kz
26 қыркүйек 2018 ж. 2 785 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9308)

03 маусым 2025 ж.

№40 (9307)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (9306)

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30