Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТАРИХЫ ӨСИЕТТІ, ҚОЙНАУЫ ҚАСИЕТТІ ҚЫЗЫЛОРДА!

ТАРИХЫ ӨСИЕТТІ, ҚОЙНАУЫ ҚАСИЕТТІ ҚЫЗЫЛОРДА!

Сырдың бас шаһары – Қызылорда  қаласына биыл 200 жыл толып отыр.
Қаламыздың төл тойы өткен жексенбі, 23 қыркүйек күні Тасбөгет кентінен бастау алды. Сол күні келбеті келіскен кенттің 70 жылдығы мен Қызылорданың 200 жылдығы аясында ұйымдастырылған айшықты шаралар қалалықтарды қуанышқа бөледі. С.Майқанова атындағы Мәдениет үйінде «Сұлу Сырдың егізіндей, сүлейлердің лебізіндей – Тасбөгет» тақырыбында аймақтық ақындар айтысы өтті. Сырдария өзеніндегі су тоспасымен тағдырлас Тасбөгет кентінің 70 жылдығына арналған мерекелік шараларды сол кеште эстада жұлдыздарының гала-концерті түйіндеді.
Сүйікті қаламыздың мерейтойы аясында мерекелік шаралар легі алдағы қазан айының 10 жұлдызына дейін жалғасады.  Алдағы сенбіде қалалық ипподромда ұлтық ат спорты ойындарынан «Сыр тұлпары» атты ат бәйгесі, «Еуразия» мәдени-спорт кешенінде түйе палуандар сайысы өткізіледі. Ал 28 қыркүйек күні Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрында салтанатты шара, сол күні кешкілік  Қазақстанның әйгілі эстада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерті болады. 


https://kyzylorda-news.kz
26 қыркүйек 2018 ж. 1 582 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (9427)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (9426).

08 тамыз 2026 ж.

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31