Өскен өңір » Қоғам » Павлодарда анасына төрт баласын 8 жылдан соң қайтарды
Павлодарда анасына төрт баласын 8 жылдан соң қайтарды
Павлодар облысытық соты ата-ана құқығынан айырылған әйелдің ісін қарап,балаларын қайтаруды жөн көрді. Істі кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Успен ауданынынң тұрғынының арызын қарады, деп жазады рavlodarnews.kz. Әйелдің балаларының үлкені 17 жаста, кішісі тоғызда. Ол балаларынан айырылған уақытта кенжесі небәрі бір жаста болған. Анасына бейәлеуметтік мінез-құлқы үшін ата-ана құқығынана айырған. Кейін келіншек тұрмысқа шығып, пәтер жалдаған. Балалар үйіне өткізілген балаларына барып, қажет заттарын да алып беріп жүрді. Қазі жұмысы мен тұратын жері болғандықтан сот оның арызын қанағаттандырды. Алайда аудандық білім бөлімінің өкілі бұл шешіммен ішінараға ғана келісті. Айтуынша, жалдаған пәтерін жөндеуден өткізу керек. Айналадағы қоқыстан тазаламаса, балалардың денсаулығына кері ісерін тигізуі мүмкін. Сонымен қатар тұрғын үй мәселесін біржақты қылу керек. Соттың шешімімен төрт бала анасының тәрбиесіне берілді.