Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыдағы дәстүрлі өнер театрына келген жаңа басшы 80-ге жуық қызметкерді жұмысынан қуған

Алматыдағы дәстүрлі өнер театрына келген жаңа басшы 80-ге жуық қызметкерді жұмысынан қуған

Алматыдағы дәстүрлі өнер театрының директоры ұжымындағы бұрынғы және қазіргі қызметкерлерінің үстінен сотқа арыз түсірді. Онымен қоймай, “ар-намысыма тиді” деп он миллион теңге өндірмекші.

Былтыр ғана тағайындалған басшы келгелі, театрдың қызметкерлері бірінен соң бірі жұмыстан босатылған. “Білдей жыршыдан қысымдық көрдік, мәжбүрлі түрде қызметтен кеттік дегендер” құқық қорғау органдарына театрдың бар былығын жайып салыпты. Оған шыдамаған директор шара қолдана бастаған. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Бақытжан Арынов дәстүрлі өнер театрына жыл басында жұмысқа орналасқан. Мемлекеттік мекеме болған соң үй кезегіне тұру үшін мардымсыз жалақысына да көніпті. Бірақ, жаңа директордың түртпегіне ілініп, қайта-қайта сөз ести бергенін айтады. Тіпті, басшысы жұмыстан өз еркіңмен кетпесең, мойныңа қарыз іліп жіберемін деп қорқытыпты.
«Сол кезде бізде двигатель жанып кеткен. Уақыты келген соң күйіп кетті. Сол кезде сол двигательді мойныңа ілемін. Егер жұмыстан шықпасаң деді. Самовольно өзің жаз да жұмыстан шық деді» – дейді театрдың бұрынғы қызметкері Бақытжан Арынов.
Қара тізімге бір Бақытжан емес бас аяғы сексенге жуық қызметкер ілінген. Көбі шаруашылық жұмыстарында жүргенімен, арасында режиссерлар да бар екен. Бәрінің айтатыны біреу директордан қысымдық көрдік, мәдениетсіздік танытты, тіпті “білімсіз, біліксіз” деп айыптады дейді.
«Егер біз біліксіз маман болатын жағдайда қалай біз қала әкімі Бауыржан Байбектен марапат аламыз? Мысалы маған қандай да бір қателер кетсе, мынау шимайды жиналыста көрсетемін. Сосын саусағың қалам ұстауға дірілдейтін болады деп» – дейді театрдың бұрынғы қызметкері Айнұр Ыбыраева.
Театр осыдан екі жыл бұрын ашылып, екі жүзге жуық кісіні жұмыспен қамтыған. Тең жартысы өнер адамдары. Тіпті, мекемеде соқырлар мен мылқауларға арналған үйірме бар. Олардың өзіне әлі күнге дейін қысым көрсетіліп келеді дейді қызметкерлер. Тек, айтса, жалақысы кесіледі, айтпаса, шектен шығып кетті, дейді.
«Қысым бар. Қосымша көлік берілмейді. Олар өздері көрмейді естімейді. Күнде барады сұрайды бермейді. Негізі парыз беруі. Қандай адамдар нақты кеткен жұмыстан. Тек шаруашылық емес, режиссерлар, худ руководительдер кеткен» – дейді театрдың бұрынғы қызметкері Амангелді Мамырбеков.
Осыған дейін қызметкерлер мәжбүрлі түрде жұмыстан кеткендері туралы жан-жаққа арыз жазыпты. Ешкім құлақ түрмегендіктен газет бетіне де жариялаған. Оны естіген директор ашуға мініп, “ар-намысымды таптады” деген желеумен қоластындағыларды сотқа берген. Материалдық шығынның өзін 10 миллион теңге деп көрсетіпті.
«Менің жеке басыма, намысыма кір келтірді деп 10 млн теңге өндірмекші. Ал біздің айлығымыз 30 мыңға жетпейді. Бізден қалай алуға болады? Біз басқа жерде жұмыс істемейміз. Қазір біз сол театрда жұмыс істеп жатырмын әлі де» – дейді билет бақылаушы Жұмагүл Өскенбаева.
Ал, театр директорын бүгін жұмыс орнынан таппадық. Оң қолы оны құптап, қолпаштап қана отыр. Өйткені, басшысы қысым көрсетпеді, бар болғаны сапалы жұмыс талап етіпті. Көнбегендер өз еріктерімен қызметтерін тастап кетті дейді. Директордың соңынан қалмаған соң сотқа жүгінуге тура келгенін айтады.
«Олар құзырлы мекемелерге арыз шағымын тоқтатқан жоқ. Біздің директор осы уақытқа дейін шыдады. Қаңтар айынан бері тыныштық болмады. Тексерістер болды. Үндемеген сайын өзі қылмыскер болмас үшін, өзі сол кісілерді сотқа берді» – дейді «Алатау» дәстүрлі өнер театры директорының шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары Азамат Ақан.
Ал жұмыстан мәжбүрлі түрде кеттік деген қызметкерлер орынбасардың бірде бір сөзіне иланбады. Өздерінен он миллион теңге талап еткен директордың ісін Астанаға дейін жайып саламыз деп отыр. Ал, егер “Алатау” дәстүрлі өнер театрына жаңа басшы келіп, жұмысқа шақырса, қайта келеміз дейді.
Stan.kz 
13 қыркүйек 2018 ж. 1 720 0