Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Креативті көзқарас керек

Креативті көзқарас керек

Жыл бойындағы қандай да бір ай басталысымен, сол айда қандай мереке барын білу үшін күнтізбеге ұмтыламыз баршамыз. Оған себеп, мемлекеттік мерекелерге берілетін демалыс күндер. Иә, «бұл айда қандай мереке бар?» екен демалыс беретін деп тұрамыз. Расында, мемлекеттік мерекелерді тек демалыс ретінде қабылдап, атқаратын шаруаларымызды жоспарлай бастаймыз. Неге? Оның себебі неде? Мүмкін сол мерекенің аталып өту форматына өзгешелік енгізу керек шығар.
Әңгіменің ауанын әріден орағытпай, әлқиссасын басталық ендеше. Тақырыбымыздың өзегі – Ата Заңның аясындағы шаралар және аталып өту форматы болмақ.
Биылғы жылы да Конституция күнінде ел азаматтары демалмақ. Жоғарыда айтқанымыздай, мереке күніндегі демалысты ғана ойлап, мерекенің маңыздылығы мен қажеттілігіне аса мән бере қоймаймыз. Шындығында, әр мерекенің астары тарихпен астасып, негізінде маңызды оқиға жатқанына ой жібере бермейтініміз жасырын емес. Осындай мемлекеттік маңызы бар атаулы күндердің бірі — Конституция күні. Ал, «Рухани жаңғыруға» бет алған «Мәңгілік елдің» ұрпақтары ел Тәуелсіздігінің маңызды құндылықтарының тарихына етене бойлап, оларды жыл бойы асыға күтетіндей тойлауы қажет.
Осы ретте ғаламтордың ғажайыбына үңіліп, көмегіне жүгініп, «Конституция күнін басқа елдер қалай тойлайды?» деген сауал төңірегінде шағын шолу жасап көрейік.
Испан халқы 1978 жылы 6-желтоқсанда жалпыхалықтық референдумда ұлттық Конституцияларын қабылдады. Сол кезден бастап, олар үшін осы дата мемлекеттік мереке әрі демалыс күні. Тойлауды жақсы көретін испандықтар бұл мерекені де жалпыхалықтық қыдыру деңгейінде атап өтеді. Мерекеге қарсы депутаттар конгресі испан парламентінің төменгі палатасын аралап көру мақсатында ашық есік күндерін өткізеді.
АҚШ-та Джордж Буштың ұсынысымен 2001 жылы 17 қыркүйекте президент конституция және азаматтық күні белгіленген. Негізінен, 1955 жылдан бастап қыркүйек айының 17-сі мен 23- аралығы конституция аптасы ретінде қабылданған. Бұл мереке мемлекеттік болып табылмағанымен, американдықтар бір апта бойы адамдардың құқығы мен міндеттері жайлы әңгімелер жүргізіліп, барлық оқу орындарында лекциялар оқылып, шығармалар жазылады. Конституцияның құрылу тарихы жөнінде сабақтар өткізіліп, қайырымдылық қорларға ақша өткізу дәстүрге айналған екен.
Жапондардың Конституция күні 1948 жылдың 3-мамырынан бастап тойланады. Мемлекеттік мейрамда Жапония Парламент ғимаратының есігі барлық келуші үшін ашық тұрады. Демократиялық және пацифистік конституцияның маңызы жөнінде лекциялар оқылады. Ал, газет беттерінде конституцияға арналған мақалалар жарық көреді, әсіресе, мемлекеттің кез келген жағдайдағы соғыстан бас тартуын айқындайтын 9-бабы жайлы көптеген материалдар жарияланатын көрінеді.
Ал, 1949 жылы 1-қазанда ресми қабылданған Оңтүстік Корея Конституция күнін 17-шілдеде атап өтеді екен. Алайда, 2008 жылдан бастап бұл дата мерекелік болғанымен, демалыс күніне жатпайды. Сеул сияқты үлкен қалалардағы ресми шаралардан өзге басқа мерекелік тойлаулар болмайды. Дәстүр бойынша бұл күні әлемнің түкпір-түкпірінде марафондық жүгірулер өткізілетіндігінен хабардар болдық.
Өзімізге оралсақ, аудан көлеміндегі көптеген мереке көбіне ойын-сауық, халықтық қыдыру сипатында өтеді. Мәселен, бұл тізімге Наурыз мерекесі мен Қазақстан халқының бірлігі күнін жатқызуға болады. Наурыз мерекесі десе, ақшаңқан киіз үйлер мен өзге де ұлттық нақыштар көз алдымыздан өтеді. 1-Мамыр да өз ерекшеліктерімен сипатталады. Ал, Конституция күнінің маңызды­лығы басқада. Осынау мерекеміз азаматтар­дың ұлтжанды­лығын арттыруға септігін тигізетін шараларды өткізуге мүмкіндік береді. Мәдениет үйіне болмаса, салтанат сарайына халықты жинап алып, жаттанды сценариймен өткізе бергеннен атаулы күннің маңызды­лығы мәртебе алмасы анық.
P.S:
Конститу­ция күнін тойлауда формаль­дылыққа басым­дық беруден тыйылуымыз керек. Айтайын дегеніміз, мере­келік шаралар тек есеп беру үшін ғана өткізілмеуі керек, оның басты мақсаты – халықты жұмылдыру, ұлтжандылығын ояту. Білім беру орындарында, басқа жерлерде Конституцияға арналған жиындар жастардың қызығушылығын оятып, жалықтырмай, жылда асыға күтіп, есте қаларлықтай болғаны абзал.
Дина ЖҮСІПОВА.
01 қыркүйек 2018 ж. 1 270 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

№35 (9199)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031