Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тырнағыңыздың тез өскенін қалайсыз ба?

Тырнағыңыздың тез өскенін қалайсыз ба?

Ендеше, төмендегі маскаларды жасап көріңіз. Тырнағыңыз тез өсіп және бұрынғыдан қатая түспек.
1. Қызыл бұрыш
Қолға арналған кез келген кремнен 1 шай қасық және сондай мөлшерде ащы қызыл бұрышты (ұнтақ) араластырыңыз. Тырнағыңыздағы лакты тазалап, оның орнына жаңа дайындаған қоспаңызды аздап ысытып, тырнағыңызға жағыңыз. 15 минуттан соң тынрақтарыңызды сабын қолданбай жуып, қолыңызға крем жағыңыз. Тырнаққа арналған бұл масканы он күнде бір рет жасасаңыз болады. Әдетте, екі масканың өзі жеткілікті.
2. Йод
Жарты литр суды жылытып, оған 2 ас қасық тұз, 10 тамшы йод тамызып араластырыңыз. Осы суға қолыңызды 15 минут салып отырыңыз. Бұл процесс тырнағыңызды қатайтып, өсуін жылдамдатады.
3. Лимон шырыны
Лимон шырынына саусақтарыңыздың ұшын, яғни тырнақтарыңызды салып, бірнеше минут ұстаңыз. Сондай-ақ лимонды ортасынан бөліп, саусағыңызды ішіне салып, бірнеше минут отырыңыз. Лимон шырыны – тырнаққа таптырмас ем.
4. Алоэ шырыны
30 мл алоэ шырыны, 2 ас қасық қаймақ, ошаған, шырғанақ, қырмызы майларынан 40 тамшыдан қосып араластырыңыз. Дайын қоспаны тырнағыңызға жағыңыз.
5. Ас содасы
1 ас қасық ас содасын 1 стакан жылы суда ерітіп, бірнеше тамшы йод тамызыңыз. Саусақтарыңызды осы суға салып, 10-15 минут отырыңыз. Одан кейін қолыңызды құрғатып сүртіп, крем жағыңыз. Мұндай әдісті аптасына бірнеше рет қайталауыңызға болады.


http://anabol.kz/
21 тамыз 2018 ж. 1 380 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930