Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Метеор жауыны. Алматылықтар аспан шоуын қайдан көре алады?

Метеор жауыны. Алматылықтар аспан шоуын қайдан көре алады?


2018 жылдың 13 тамызына қараған түні Персей шоқжұлдызынан метеорлар құлайды. "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" АҚ президенті кеңесшісі Александр Губерт алматылықтарға аспан шоуын қайдан көруге болатынын айтты. 
“Жұлдыздар жауынын” ешқандай құралсыз тамашалауға болады. Бастысы, қала сыртында немесе жарық аз жерде болсаңыз, бұл құбылысты оңай көре аласыз. Көз алдыңда аспан көлемі үлкен болуы тиіс, өйткені жұлдыздың қай жақтан ағып түсетіні белгісіз. Әдетте әуесқойлар мұндай құбылысты тамашалау үшін Қапшағайға барады, себебі ол жердің көрінісі үлкен. Тауға барсаңыз, аспан жақсы болғанымен көкжиек таулармен жабылып қалады. Бұл жұлдызды көру мүмкіндігін азайтады”, – дейді Александр Губерт.
Кеңесшінің айтуынша, бұл жұлдыздардың ерекше жауыны болмақ.
“Болжам бойынша, сағатына он шақты метеор күтіледі. Метеор – бұзылған кометаның қалдықтары, оның қаншасының Жер орбитасынан өтетінін дәл айту мүмкін емес”, – дейді маман.
Айта кетейік, жыл сайын тамыз айында Персей шоқжұлдызынан метеор ағады. 
Сонымен қатар, биыл 11 тамызда максимал фазасы 0,74 Күн тұтылуы болады. 12-нен 13 тамызға қараған түні ең әдемі жұлдыз ағуы күтіледі.
baribar.kz
10 тамыз 2018 ж. 3 417 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031