Емханадағы жағдай емделушіге жайлы ма?
«Ауруым жаныма батып, жай таптырмаған соң емханаға беттедім. Аллаға шүкір, жаңа ғимарат. Іші де, сырты да әсем. Ағылып кіріп-шығып жатқан адамдар. Ауыздағы тіркеу бөліміне барып мән-жәйді айтып едім үшінші қабаттан қағаз әкелуді сұрады. Жасы келген адамның жүрісі оңсын ба. Баяғыдай емес, екі аяқ қазір бағынуды қойған. Ақсаңдап діттеген жерімізге әзер жетеміз. Десе де жан тәтті ғой шіркін» деп бастады әжей әңгімесін...
Күнделікті жұмысқа қатынап, қоғамдық көліктің тұрақты тұтынушысына айналғанымызды несіне жасырайық. Халық ішіндегі жағдайды, аудандағы бар жаңалықты да сол жерде естиміз. Бүгінде 27-бағыттағы қоғамдық көлікке мініп, бір әжейдің қасына жайғастым. Отырғаным сол еді жоғарыда айтқан әңгімесін бастады...
– Емханаға дені сау адам бармасы анық. Көбіне біз секілді кәрі, қарт кісілер дәрігер көмегіне жүгінеді. Портал кезегі келсе әбігерге түсіп тексеруден өтеміз. Кейде бір қағазға мөр бастыра қояйын десең, ол үшін де үшінші қабатқа көтерілуге тура келеді. Денсаулығың жараса жүргенге қиналмайсың-ау. Алайда, аяқты әзер қозғап жүрген біздер баспалдақтан құлап кетердей қалт-құлт етіп жеткенімізбен қайта төменгі қабатқа түсуге әл-дәрменіміз жетпей қалады – деп мұң-мұқтажын шаққан егде кісіге қарап, «Әже емханада жедел саты бар, соны неге пайдаланбайсыз?» – дедім.
– Қарағым, жаңа технологияны игеру бізге қиындау. Бүгінгі таңда қалаған дүниең қолжетімді. Тіптен, немерелерім саусақпен сипап отыратын ұялы телефондары арқылы емханадан кезек алып береді. Нақты уақытында барып, керек дәрігерді тауып аламын. Бұл да бір бүгінгі тәуелсіз елдің алға қарай дамуы шығар. Көзі жөнді көрмейтін, жасы келген біздер үшін жедел сатының түймесін басу да қиын іс болып тұрғаны. Қолда қағазың болмаса еш жерге кіре алмайтын болған соң шапқылап жүргеніміз осы. Жарықтық оңайлықпен бітпейді-ау, бітпейді...
Кәрілік меңдеп, бойдағы қуат азайып, денсаулығың сыр бере бастайтын қарттық кезең жеткенде емхананың есігін еріксіз қағасың. Бұл қазыналы қарттарымыздың жиі айтатын сөзі. Жастық жігермен жүгіріп жүрген біздерге байқала қоймағанымен осы мәселе ойға түрткі болды. Расында, құжаттарға мөр басу, анализ қорытындылары т.б керекті қағаздарды алу үшін жоғарғы қабатқа көтерілу сырқат адамды шаршатады.Халықты әуре-сарсаңға салмай осы қызмет түрлерін бірінші қабатқа ауыстырса емделушілер де дән риза болар еді. Дертіне дауа іздегендердің саны есепсіз. Қай кезде болмасын ұзын сонар кезек. Емхана ішіндегі аяқ алысы азайсын десек аталмыш қызмет түрлерін бірінші қабатқа ауыстырып қана қоймай, сыртқы жақтан бөлек есік ашса тіпті тиімді бола түсер ма еді? Не болмаса егде тартқан кісілерге көмек беріп, жедел сатыны пайдалануға жәрдемдесер бір адамның тұрғаны керек шығар. Бастысы емделушілердің дертіне дерт қоспай, денінің саулығын ойлау біздікі. Қалғанын өздеріңіз саралап көріңіздер...
Гүлнәр ӘБДІХАНИҚЫЗЫ.