Теңіз орамжапырағының пайдасы
Теңіз тағамдарының ішіндегі ең пайдалысы әрі қол жетімдісі – теңіз орамжапырағы. Бұл көкөніс танымал болғанменен, оны көпшілік аса ұната бермейді. Біркелкі дәмі бар, түрі өзгеше, иісі жағымсыз көкөністің ламинария деген атауы да бар. Дүкен сөрелерінен ламинарияның неше түрлі нұсқасына табуға болады. Ол құрғақ, ұнтақ, кептірілген, мұздатылған күйінде сатылады. Қандай күйінде болмасын оның пайдалы құрамы өз қасиетін жоғалтпайды. Теңіз орамжапырағын күнделікті өмірде қияр, сәбіз, болгар бұрышы, саңырауқұлақ, баклажан, пияз, көк шөп, кәді т.с.с. көкөністермен пайдалануға болады. Ламинария балдыр күйінде кез келген теңіз тұзды тереңінде өседі. Оның жапырақтарының ұзындығы 20-30 метрге дейін жетеді. Иісі бір түрлі өсімдіктің пайдасы ертеден-ақ белгілі болған. Ирландия мен Үндістан елдерінде ламинарияның көмегімен туберкулез, пневмания т.с.с өкпе ауруларын емдеген. Ежелгі Қытайда ламинарияны буын ауруларына қарсы пайдаланған. Ламинарияны йод жетіспеушілігі, артық салмақ, анемия т.б аурулардың алдын алу мақсатында қолданады.
Кептірілген ламинария Теңіз орамжапырағының құрамында А,В,С,Д,Е тобындағы он бір дәрумен бар. Ол тұзды суда өскендіктен ол натрий, хлор, магний, калий, кальций, йод т.с.с. минералды элементтерге бай. Бұл көкөніс диеталық тамақ болып саналады. Ол асқазанда тез қорытылып, ағзадағы зиянды қалдықтарды сыртқа шығарады. Сондай-ақ, ламинария ағзадағы қан айналымын жақсартып, жүрек көк тамырларының бір қалыпты соғуына әсер етеді. Аминқышқылдарына бай көкөніс ет жемейтін, кейбір тағамдарға аллергиясы бар жандарға өте пайдалы. Бұл көкөніс ағзаға жетіспейтін дәрумендердің орнын толтырады. Әсіресе, ламинария қарт кісілерге, аяғы ауыр келіншектерге, кішкентай және мектеп жасындағы балаларға өте пайдалы. Көкөністің құрамындағы стерин ағзадағы зиянды қалдықтармен қатар, артық холестеринді шығарады. Сол себепте Жапония, Корей, Қытай т.с.с. теңізге жақын орналасқан елдерде ламинарияны күнделікті ас мәзіріне қосады. Теңіз орамжапырағын ас үйде ғана емес, косметология мен фармацевтикада қолдануға болады. Ламинарияның ұнтағын иммунитетті күшейтетін дәрілерге, жарақатқа қарсы төтеп беретін майларға, биологиялық белсенді қоспаларға қосады. Ал майын әжімге қарсы кремдерде, қайызғақ жоятын сусабындарда, тырнақ, шаш өсімін тездететін бальзамдарда пайдланылады.
Massaget.kz