Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел болашағына бағыт

Ел болашағына бағыт

Құрылтай сайлауы – халық сенімі мен қоғамдық қатысудың жаңа кезеңіҚұрылтай – халықтың үнін естіп, қоғамның маңызды мәселелерін талқылайтын орта. Елдің дамуы, ұрпақ тәрбиесі, ұлттық құндылықтарды сақтау сияқты мәселелерді көтеру арқылы құрылтай қоғамның алға жылжуына ықпал етеді. Құрылтайда айтылған ұсыныстар мен пікірлер елдің әлеуметтік, мәдени және рухани дамуына бағыт береді. Әсіресе жастардың тәрбиесі, білім сапасы, ұлттық дәстүрді дәріптеу, ана тілін құрметтеу және елдің бірлігін сақтау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.
«Кеңесіп пішкен тон келте болмас» дегендей, елдік мәселелерді бірге талқылау –  дұрыс шешімге бастайтын жол. Құрылтайдың басты мақсаты –  қоғам мүшелерін ортақ мақсатқа жұмылдырып, елдің болашағына қатысты маңызды ойларды біріктіру. Әр азаматтың пікірі ескеріліп, халықтың ұсыныстары ортаға салынғанда, ел мен қоғам арасындағы байланыс нығая түседі. Сондықтан құрылтай –  елдің бүгінін бағалап, ертеңіне нық қадам жасауға мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық алаң.
20 тамыз 2026 ж. 133 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (9442)

03 қазан 2026 ж.

№74 (9441).

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (9440).

26 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031