Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанада көшеде атпен жүрген блогер жауапқа тартылды

Астанада көшеде атпен жүрген блогер жауапқа тартылды

Астанада көшеде атпен жүрген блогер жауапқа тартылдыАстанада қала көшелерімен атпен жүрген блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Елордалық полицияның мәліметінше, 35 жастағы ер адам атпен автожолдар мен жаяу жүргіншілер жолымен қозғалып, тұрғындардың жүріп-тұруына қолайсыздық туғызған.
Сондай-ақ ол «Бәйтерек» монументі маңына барған кезде жануар қоғамдық орындардың бірінде аумақты ластап, көгалды жерлерді бүлдірген.
Оқиғаға байланысты азамат абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынды. Белгілі болғандай, блогер бұл әрекетін ойын-сауық мекемелерінің біріне арналған жарнамалық бейнеролик түсіру мақсатында жасаған.
06 тамыз 2026 ж. 30 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31