Астанада робот-курьерлер тапсырыс жеткізе бастады
Астана қаласында роботтың көмегімен тамақ пен басқа да заттарға тапсырыс беріліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz. Әзірше «Есіл» мен «Нұра» ауданының тұрғындары робот-курьердің қызметін пайдаланып отыр. Роботтар жаяу адам жүретін жолмен жүріп, тапсырысты кешікпей, уақытында жеткізіп келеді. «Соның бір дәлелі ретінде Астанада роботтардың адамға қызмет етуін айтсақ болады. Бұл серпінді жобаны Астана қаласы әкімдігі жергілікті Полиция департаменті, «Aстана Innovations» АҚ мен Yandex Qazaqstan компаниясы бірігіп іске асырып отыр», деді ол.
Тапсырыс беруші роботтың жолын қосымшадан қарап, оның қай жерде келе жатқанын көре алады. Ал робот болса жаяу адамның жолымен жүріп, тапсырысты үйдің кіреберісіне дейін апарады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Egemen Qazaqstan»





