Мәслихаттар сайлауы
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыда LRT құрылысына байланысты бір көше уақытша жабылады

Алматыда LRT құрылысына байланысты бір көше уақытша жабылады

Алматыда LRT құрылысына байланысты бір көше уақытша жабыладыАлматының Бауыржан Момышұлы көшесінде LRT құрылысына байланысты қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі. Алматы қаласының әкімдігі жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, аталған учаскеде көлік қозғалысының қиындауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атап айтқанда, Мөңке би көшесінен Төле би көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы үшін жолдың ортадағы екі жолағы жабылады. Құрылыс жұмыстары кезеңінде қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ жұмыс істемейді, сондай-ақ бейнебақылау камералары бұл жолаққа шыққан көліктерді тіркемейді.
«Жеңіл рельсті көліктің (LRT) бірінші кезеңінің бағыты Момышұлы көшесі – Төле би көшесі – Абылай хан даңғылы – «Алматы-2» теміржол вокзалы бағытымен өтеді. Депо Алатау ауданындағы Индустриялық аймақтың оңтүстік бөлігінде орналасады», делінген хабарламада. Жобаның бірінші кезеңінің жалпы ұзындығы 18,3 шақырым болады.
19 маусым 2026 ж. 213 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (9455).

21 қараша 2026 ж.

№87 (9454)

17 қараша 2026 ж.

№86 (9453).

14 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30