Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Референдум әлемдік БАҚ назарында

Референдум әлемдік БАҚ назарында

Референдум әлемдік БАҚ назарындаЕлімізде өтетін конституциялық референдум халықаралық ақпарат құралдарының да назарын аударды. Әлемдік және өңірлік медиада жарияланған материалдарда саяси реформаның мазмұны мен оның ықтимал салдарына баға беріліп отыр, деп жазады Egemen.kz
Халықаралық Reuters агенттігі референдумның 15 наурызда өтетінін хабарлап, ұсынылып отырған өзгерістер елдегі парламенттік жүйені оңтайландыруға бағытталғанын атап өтті. Агенттік материалында конституциялық түзетулер билік институттарының құрылымын қайта қарауға және саяси жүйенің тиімділігін арттыруға негіз болатыны көрсетілген.
Ал Euronews арнасы жаңа Конституция қабылданған жағдайда оның 1 шілдеден бастап күшіне енетінін жазды. Телерадиоарна өз материалында референдумды Қазақстандағы саяси жаңғыру үдерісінің маңызды кезеңі ретінде сипаттаған.
Өңірлік сарапшылар да бұл бастамаға назар аударып отыр. Қырғызстандық заңгер Таттуу Ергешбаева конституциялық комиссия жаңа жобаны әзірлеу барысында қоғам тарапынан түскен ұсыныстарды ескергенін атап өтті. Оның айтуынша, құжаттың референдумға шығарылуы азаматтардың пікірін шешім қабылдау үдерісіне тікелей тартуға бағытталған.
Осылайша, еліміздегі конституциялық реформа тек ішкі саяси оқиға ғана емес, халықаралық қауымдастық тарапынан да назар аударылған маңызды үдеріс ретінде бағаланып отыр.
14 ақпан 2026 ж. 113 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (9389)

28 наурыз 2026 ж.

№21 (9388)

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930