Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа жылды тойлауға бола ма?

Жаңа жылды тойлауға бола ма?

Құрметті жамағат!
Жыл сайын жаңа жыл қарсаңында мұсылмандар арасында «Жаңа жылды тойлауға болады ма?» деген сұрақ болады.
Осы тұрғыда қысқаша баян етейік. Алла Тағала Құранда былай дейді:
«Бұл күндерді адамдар арасында алма-кезек айналдырамыз»
(Әли Имран сүресі, 140-аят)
Бұл аят уақыттың Алланың қалауымен ауысатынын көрсетеді. Жаңа жыл бұл – жаңа уақыт, жаңа жоспарлар. Ал діни тұрғыда қабылдап дін мен дәстүрге қайшы келетін наным-сенім орындалған болса, Пайғамбарымыз (с.а.с) «Кім бір қауымға ұқсаса, солардан болады» деген.
(Әбу Дәуд)
Сондықтан жаңа жылды діни мейрам деп қабылдап, өзге сенімге еліктеу – дұрыс емес. Алайда Ислам тыйым салынбаған нәрсеге, яғни туған-туыс бас қосып дәм-тұздан алып араласып, көңіл-күйді көтерсе, Ислам бұны дұрыс емес демейді.
Алла Тағала: «Уа, иман келтіргендер! Алла халал еткен нәрселерді өздеріңе харам етпеңдер» (Мәида сүресі, 87-аят)
Егер Жаңа жылда: күнә жасалмаса, ішімдік, арсыздық болмаса, оны қасиетті түн деп сенбесе, онда отбасымен отырып, шүкір айтып, жақсы ниет тілеу – күнә емес.
Пайғамбарымыз (с.а.с) тағы да: «Амалдар ниетке байланысты» деген. (Бухари, Муслим)
Қорытынды: Жаңа жыл – діни мейрам емес, ол – уақыттың ауысуы және мемлекеттік мейрам! Мұсылман үшін ең маңыздысы – иман, ниет және амалдың тазалығы.
Халқымыз аман, жұртымыз тыныш болғай!

Рахат Серікбайұлы,
Шиелі ауданының бас имамы
31 желтоқсан 2025 ж. 27 0

Қоғам

ҚАЛАМЫНЫҢ ҰШЫНДА ЕЛ ҮНІ БАР
31 желтоқсан 2025 ж. 33

ЗАУЫТТАҒЫ 20 ЖЫЛ

31 желтоқсан 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (9367)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (9366)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (9365)

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031