Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қостанайда ерекше балаларды оңалту орталығы ашылды

Қостанайда ерекше балаларды оңалту орталығы ашылды

Қостанайда ерекше балаларды оңалту орталығы ашылды
Қостанайда писхоневрологиялық ауытқуы бар және тірек-қимыл жүйесі бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы ашылды. 60 орындық орталықта жылына бір жарым жастан асқан және 18 жасқа дейінгі 900 бала емделетін болады. Оңалту орталығының ашылу рәсіміне облыс әкімі Құмар Ақсақалов пен «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаева қатысты. Облыс әкімінің айтуынша, бұған дейін өңірде балаларға арналған жалғыз оңалту орталығы болған.
«Ол жылына 400 балаға дейін қабылдайды. Ал жаңадан ашылып отырған орталықтың қызмет көрсету аясы одан екі есе көп. Оның сыртында, жоғары деңгейдегі заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған. Тиісті даярлықтан өткен білікті мамандар жұмыс істейді. Бізге «Қазақстан халқына» қоры зор көмек көрсетті. 1 млрд теңгеден астам қаржы бөліп, оған бізде бұрын-соңды болмаған өте сирек құрылғы-жабдықтармен қамтыды. Бұрын мұндай технология елорда мен Алматыда болғандықтан, ата-аналар сол ірі қалаларға қатынауға мәжбүр болатын. Енді бұндай мүмкіндік өзімізде пайда болып отыр», деді Құмар Ақсақалов. 
Ләззат Шыңғысбаева «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Қостанай облысына 21 млрд теңгеге жуық қаржы бөліп, әлеуметтік саланы дамытатын іргелі жобаларды іске асырып жатқанын айтты. Соның айқын бір дәлелі – осы орталық.
«Бұл – «Алтын стандарт» бойынша жасалған орталық. Неге біз елімізде жоқ жабдықтарды әкелдік? Өйткені әлеуметтік салада өте маңызды стандарттарды көтеруіміз керек. Сол арқылы қызмет сапасы артуы қажет. Бүгін біз көріп отырған құрал-жабдықтарға 700 млн теңге жұмсалды. Қалғандары келісімшарттар аясында Жапония, Швейцария, АҚШ, Аустралия сияқты елдерден келе жатыр. Әлемдік брендтер тапсырыспен бізге арнайы жасалады. Дегенмен қолда бар техникалар жұмысты толық бастай беруге мүмкіндік береді. Мұндағы қамтылым жерге қонған ғарышкерді оңалтуға қажетті жабдықтардан еш кем емес», деді Ләззат Шыңғысбаева.
Бұрынғы Президент резиденциясына орналасқан оңалту орталығының жеті ғимараты бар.
26 желтоқсан 2025 ж. 39 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№98 (9365)

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 (9364)

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 (9363)

16 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031