Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бала саны сегізден асса, жәрдемақы мөлшері қалай өзгереді?

Бала саны сегізден асса, жәрдемақы мөлшері қалай өзгереді?

Бала саны сегізден асса, жәрдемақы мөлшері қалай өзгереді?Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін жәрдемақылармен орта есеппен 847,9 мың отбасы қамтылып, жалпы сомасы 555,8 млрд теңге төленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда көпбалалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға артты.
Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы (төрт және одан да көп баласы бар) отбасының табысына қарамастан тағайындалады. Төлем мөлшері бала санына байланысты сараланған және 2025 жылы келесідей:
  • 4 балаға – 63 030 теңге (16,03 АЕК);
  • 5 балаға – 78 798 теңге (20,04 АЕК);
  • 6 балаға – 94 565 теңге (24,05 АЕК);
  • 7 балаға – 110 332 теңге (28,06 АЕК);
  • 8 және одан да көп баласы барларға – 15 728 теңгеден (4 АЕК) әр балаға қосылады.
Айта кетерлігі, бұл көмекті отбасының табыс деңгейіне қарамастан, 18 жасқа толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар барлық көпбалалы ата-аналар ала алады.
Мемлекет «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға берілетін жәрдемақы ай сайын келесі мөлшерде төленеді:
  • «Күміс алқа» иегерлеріне – 25 165 теңге;
  • «Алтын алқа» және өзге де жоғары марапат иелеріне – 29 097 теңге.





18 желтоқсан 2025 ж. 46 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9363)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (9362)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031