Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жетісуда 603 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Жетісуда 603 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Жетісуда 603 мың гектар жер мемлекетке қайтарылдыЖетісу облысында 2022-2025 жылдары 1,3 млн гектар тұрақты пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлері анықталған. 712 мың гектар жер қайта айналымға енгізілсе, 603 мың гектар мемлекеттік меншікке қайтарылған, деп хабарлайды Egemen.kz.


Қайтарылған 603 мың гектардың ішінде ауыл шаруашылығы айналымына 431 мың га тартылса, қалған 172 мың га жер келесі жылдың 1-жартысында айналымға тартылады.
Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев Орталық коммуникациялар қызметі (ОКҚ) алаңында өткен брифинг барысында айтты.
«Жетісу облысы – аграрлы аймақ. Бұл салада өндірілген өнімнің жалпы көлемі былтыр 3%-ға өсті. Биыл өсім 5% болады деп күтіліп отыр. Жыл басынан бері ауыл шаруашылығына 25 млрд теңге инвестиция тартылды. 2025-2027 жылдары облыстың агроөнеркәсіп кешенінде жалпы құны 94,4 млрд теңгеге 23 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде ірі жобаларды атап өтсем, жалпы жобалық қуаты 18,6 мың тонна болатын Панфилов және Көксу аудандарында салынатын екі құс фабрикасы, Текелідегі қуаты 4 мың тонналық жылыжай, Талдықорған қаласында салынатын жалпы қуаты 1,6 мың тонналық екі балық шаруашылығы нысаны бар», деді Бейбіт Исабаев.
Сонымен қатар ветеринария саласына да назар аударылып отыр. Бұл ретте 2023-2025 жылдары облыста 67 ветеринариялық пункт салынған.
12 желтоқсан 2025 ж. 36 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (9360)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031