Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КОРОНАВИРУС ҚАЙТА ӨРШИ МЕ?

КОРОНАВИРУС ҚАЙТА ӨРШИ МЕ?

COVID-19-дан кейін алты жылға жуық уақыт өткенде Азияның кейбір аймақтарында вирустың бұл түрі қайта қылаң бере бастады. Бізге белгілі мәліметтерге сүйенсек, Оңтүстік-Шығыс Азияда, әсіресе Қытай, Гонконг және Сингапурда коронавирус қайта өршіп жатыр. Оған вирусың мутацияға ұшырауы себеп болған. 15 мамыр күні Гонконг билігі COVID-19 вирусының жаңа толқыны басталғанын мәлімдеді. Денсаулық сақтау саласының өкілдері аурудың көбеюін вирустың ауыр немесе жұқпалылығынан емес, халық иммунитетінің әлсіреуімен байланыстырып отыр. Ал Қазақстанда жыл басынан бері COVID-19 329 адамнан анықталған. Осыған сәйкес Денсаулық сақтау министрлігі вирустың еліміздегі таралу жағдайын тұрақты деп бағалады. Министрліктің баспасөз қызметі қазіргі таңда жағдай тұрақты екенін, алайда мамандар елімізде де, әлем бойынша да аурушаңдықты апта сайын бақылап отырғанын атап өтті. Республика бойынша бір аптада орта есеппен 25-ке жуық жағдай тіркеледі. – Жыл басынан бері елімізде коронавирус инфекциясының 329 расталған жағдайы анықталды. Қайтыс болғандар жоқ. 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аурушаңдық 3,7 есеге азайған, – деді министрлік өкілдері. Министрлік мәліметінше, Қазақстанда және әлем бойынша 2022 жылы алғаш рет анықталған «Омикрон» нұсқасының штамдары әлі де бар. – «Омикрон» нұсқасында 30-дан астам мутация бар, ол аурудың жеңіл өтуімен сипатталады және әдетте стационарлық емдеуді қажет етпейді. Аурудың негізгі белгілері – жоғарғы тыныс жолдарының қабынуы, мұрыннан су ағу, тамақтың ауырсынуы, жөтел, – деп түсіндірді мамандар. Басқа елдердегі аурушаңдықтың артуына байланысты дәрігерлер келесі сақтық шараларын ұстануға кеңес береді. Жедел респираторлық инфекциямен ауыратын адамдармен жақын байланыстан аулақ болу, ауырған адамдармен немесе олардың айналасындағы заттармен тікелей байланыстан кейін қолды жиі жуу, үй-жайларды жиі желдетіп тұру, ауру белгілері байқалса, дереу медициналық көмекке жүгіну. Бұған дейін ғалымдар COVID-19 жұқтырған кейбір адамдардың кейін басқа ауруларға да бейім бола бастағаны жөніндегі тұырымды растаған болатын. Сонымен елімізде және әлемде орын алып жатқан COVID-19 індетінің өршуіне байланысты ішкі және сыртқы жағдайда сақталатын санитарлық талаптар мен шектеу шараларына бейқамдық танытпағанымыз дұрыс. Әсіресе індет дендеген көрші елдермен арадағы сақтық шараларын күшейтіп, татулықты уақытша онлайн форматта ұстанған жөн шығар.

Г.СӘБИТҚЫЗЫ
24 мамыр 2025 ж. 68 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (9306)

28 мамыр 2025 ж.

№38 (9305)

24 мамыр 2025 ж.

№37 (9304)

20 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031