Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қостанай облысының индустриалды аймағы: экономиканың локомотиві және инвестиция магниті

Қостанай облысының индустриалды аймағы: экономиканың локомотиві және инвестиция магниті

«Қазақстанға жаһандық, әсіресе өңірлік нарықта табысты бәсекеге қабілетті, қуатты әрі технологиялық тұрғыдан прогрессивті өнеркәсіп қажет»
 
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ,
Қазақстан Республикасының Президенті
 
 Мемлекет басшысының өңір экономикасына инвестициялар тарту жұмысын тиімді жүргізу жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда. 
 Қостанайда 2014 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан индустриялық аймақ өңір дамуының негізгі драйверіне айналды. Бұл учаске барлық қажетті дайын инфрақұрылыммен, соның ішінде магистральдық газ құбыры, су құбыры, кәріз, байланыс және электр жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген.
Қазіргі уақытта Қостанай қаласының Индустриялық аймағында жалпы құны 97,4 млрд теңгені құрайтын 7 жоба іске қосылды, 1 000-нан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Жобалардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы машинасын жасау саласында жүзеге асырылуда. Жалпы сомасы 348,5 млрд теңге сомасына 3,9 мың жұмыс орнын ашуды көздейтін тағы 9 жоба әртүрлі іске асыру кезеңдерінде тұр. 
 Сонымен қатар, Индустриялық аймақ аумағында жаңа ірі жобаларды іске қосу және жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, 2024 жылы металлургия өндірісі саласында «KamLitKZ» ЖШС шойын құю зауыты іске қосылды. Кәсіпорын сұр шойыннан цилиндр блоктары мен бастиектерін құюға бағытталған. Өндіріс барлық заманауи талаптарға сәйкес келеді, жоғары деңгейде автоматтандырылған және энергия тиімділігі жоғары.
Жобаның құны – 78,2 млрд теңге, жылдық өндірістік қуаты – 45 мың тонна құйма, 500 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұдан бөлек, «KamLitKZ» ЖШС металлургия кластерін дамыту аясында биыл тағы 2 жобаны іске қосуды жоспарлап отыр. Олар – жетекші көпірлердің басты берілістерін өндіру және жүк көліктеріне арналған жетекші көпір балкасын тереңдетілген локализациямен шығару. Жобалардың өндірістік қуаты – жылына 74 мың редуктор және 90 мың көпір балкасы, жалпы инвестиция көлемі – 160,5 млрд теңге, 650 жұмыс орны құрылады.  Бұдан басқа, 2024 жылы машина жасау саласында «Беларус» тракторларының кабиналарын («МТЗ Қазақстан» ЖШС) және көлік құралдарының кузовтарын (жедел жәрдем, автозактар, жедел әрекет ету қызметтеріне арналған көліктер – «TEHNOPARK KZ» ЖШС) өндіру басталды. Жыл қорытындысы бойынша 250 кабина және 600 бірлік кузов шығарылды. Сондай-ақ өткен жылдан бастап теміржол жылжымалы құрамына арналған серіппелердің сериялық өндірісі жолға қойылды.  Осы жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде өндіріс көлемін ұлғайтумен қатар, жаңа тауар ассортименті пайда болуына байланысты өндірілетін өнімнің номенклатурасы кеңейіп келеді. Жергілікті билік коммуникацияларды қосу тұрғысынан әрбір инвесторға жеке тәсіл қолданады. Осылайша, 2023 жылы Индустриялық аймақ аумағында автомобиль жасау секторындағы негізгі жобалардың бірі – толық циклді KIA автокөлік зауытының құрылысы басталды. Бұл жоба өңірдің экономикалық дамуына оң әсер етіп, экспорттық әлеуетін арттыруға ықпал етеді.  Жобаның жалпы инвестиция көлемі – 90 млрд теңге, жылдық өндірістік қуаты – 70 мың автокөлік, 1 500 жаңа жұмыс орны ашылады. Зауытты іске қосу 2025 жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған. Дүниежүзілік ірі концерн – KIA Corporation компаниясының келуімен Қазақстандағы машина жасау саласындағы кадрларды даярлау жүйесінде түбегейлі өзгеріс күтілуде. Бұл елімізде жаңа буын инженерлерін даярлауға мүмкіндік береді. Баршаға мәлім, адами капитал – бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастырудағы басты факторлардың бірі. Осылайша, өңірде Индустриялық аймақтардың болуы инвесторларға қолайлы жағдайлар ұсынып, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, көлікке қолжетімділік және басқа да артықшылықтар береді. Ал бұл өз кезегінде өңірді нақты сектордың негізгі салаларына инвестиция тарту үшін тартымды етеді. Нәтижесінде, бюджетке түсетін түсімдер, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және экономиканың тұрақты өсімі қамтамасыз етіледі.
31 наурыз 2025 ж. 115 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9290)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (9289)

31 наурыз 2025 ж.

№21 (9288)

26 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930