МАҚТАУЛЫ МАМАН

– Жалпы мен Жалағаш ауданы, Еңбек ауылында дүниеге келгенмін, Білімім жоғары, мамандығым заңгер. 20 жылдан бері мемлекеттік қызметтемін, ал оның 15 жылында азаматтық хал актілерін тіркеуде қызмет жасап келемін. 2010-2017 жылдар аралығында Қызылорда қалалық АХАТ бөлімінде еңбек етсем, 2017 жылдан бастап Шиелі ауданында жұмыс жасаймын. Қазір «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қызылорда облысы бойынша филиалының аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы қызметін атқарудамын. Ауданда жыл басынан бері 55 жас отбасы некесі заңды түрде тіркелсе, оның ішінде 17 жұптың неке қию туралы куәліктері салтанатты түрде рәсімделіп табысталды. Сол сияқты өңірде 307 сәбидің туу туралы куәліктері тіркелсе, 20 -дан астам жас атааналардың ұсынысы бойынша нәрестелерінің туу туралы куәлігі салтанатты түрде рәсімделді, – деді кейіпкеріміз.
Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ