Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тарихтан сыр шертер асыл тастар

Тарихтан сыр шертер асыл тастар



Алмаз тек қана бір элемент – углеродтан тұратын бағалы тас болып есептеледі. Ғылымға әлі алмаздан қаттырақ зат мәлім емес. Табиғаттың ғажайыбы сол углеродтың тағы бір түрі – графит ең жұмсақ элемент. Алмаздың бұл ерекшелігі тарихта түрлі қызық оқиғалардың жазылуына себепкер болған. Мысалы, ұзақ уақытқа дейін соққының кесірінен жалғанға шығарылған алмаздар қоқысқа тасталған. Оқиға былай болған еді... 476 жылы бургунд герцогы Ержүрек Карл мен француздар патшасы Людовик ХІ арасында соғыс болады. Француздар бургунд әскерін тас-талқан етіп Карлдың сарайына кіреді. Ол жерде көптеген қайта өңделген гауһарларлар бар болатын. Француздар бағалы тастардың түпнұсқа екеніне күмәнданып балғамен ұрып тексеріп көреді. Нәтижесінде соққыға шыдамаған алмаздар майдаланып сынып кетеді. Осылайша Карлдың бар байлығы қоқысқа тасталған екен. Осы кезде қанша бағылы тастардың жоғалып кеткені туралы нақты білмесекте, бірақ тарих қатпарларында түрлі байлар мен хандар қазынасынан орын алып бүгінгі күнге дейін жете алған ең әйгілі асыл тастар туралы мәліметті назарларыңызға ұсынамыз.



Куллинан алмазы Көлемі жағынан ең үлкен алмас – "Куллинан" деп аталады. Ол 1905 жылы ОАР-дың Претория қаласы маңынан табылған. Салмағы 3106 каратка (621гр) тең бұл тас 9 миллион фунт стерлингке бағаланған. Бұл асыл тас Англия каролі Эдуард VI ға сыйға тартылған. Қайта өңдеу нәтижесінде Куллинаннан 105 бриллиант жасалған. Ең ірі бөлігі 516,5 (103,3) каратқа тең болып, «Африка жұлдызы» атын иеленген.







Кохинур алмазы Кохинур алмазы ешқашан ақшаға сатылмаған. Заманымыздан бұрынғы 56 жылы Үндістан аймағында табылған бұл тас 1304 жылы сұлтан Алауиддин тарапынан Малва ханынан айлакерлікпен ұрланған. 1526 жылы Бабыр мырза Үндістанды жаулап, бұл тастың иесі оның ұлы Хумаюн болады. Хумаюн ауыр күндері көп көмек берген Иран патшасына тарту етеді. Уақыт өте келе Иран патшасы «Кохинурды» Бабыр баласына қайта сыйлайды. 1848 жылға дейін бағалы тас Үндістанда қолдан-қолға өтіп жүрді. Үндістанды ағылшындар иеленгенннен кейін «Кухинурды» олар Англияға жіберіп, ол жақта тасты қайта өңдеп Англия ханшайымы тәжіне орнатады.



Регент алмазы Регент алмазы немесе Питта әлемдегі ең әйгілі бағалы тастар қатарына жатады. Салмағы 400 карат (80 гр). 1701 жылы Үндістанда табылған. Мадорас губернаторы, бұрынғы теңіз қарақшысы Томас Питт бұл алмазды 200 000 фунт стерлингке жергілікті зергерден сатып алып, Лондонға апарып, 1717 жылы Француз регентіне 125 000 фунт стерлингке сатып жібереді. Осыдан соң алмаз «Регент» атын иеленеді. Өз уақытында бұл алмаз Наполеон қылышының сабын безеген. Бүгінгі күнде «Регент» қайта өңделген. Салмағы 27,35 граммға тең. Францияның Лувр музейінде сақталады. Бағасы 3 миллион доллар.







Мальтан Раджасы Мальтан Раджасы 1787 жылы Борнео аралында табылған. Ерекшелігі қайта өңделмеген болса да алмұрт пішініне ие. Салмағы 73,4 грамм болып, өте әдемі нұр таратады.











Орлов гауһары Орлов гауһары 200 карат (40 гр) болып ұзақ уақыт Ресей тәжінің сәні болған. Бұл бриллиантың да негізі XVI ғасырда Үндістанда табылған. Бірінші раушангүл пішінінде қайта өңделіп салмағы 300 каратты гауһарға айналған. Бұл көрініске көңілі толмаған Шахжаһан мырза оны қайта өңдетіп салмағы 200 каратты бүгінгі қалпына келтірген. ХVIII ғасырда түрлі жолмен Үндістаннан ұрланып, кәрі құрлыққа жеткізілген. Амстердам базарынан орыс графы Орлов 1773 жылы 400 мың рублге сатып алып, Екатирина ІІ-ге сыйлаған екен.







Шах алмазы Шах алмазы 90 карат (18гр) салмаққа ие болып сары реңде нұр таратады. 3 сантиметрге тең бұл ғажайып тас шамамен 1450 жылы Үндістанда табылған. 1591 жылы Низамшах алмасқа парсы тілінде: «Бурхан-Низамшах ІІ 1000 жыл» деген жазу жаздырады. Сол жылы Бабыр ұрпағы Акбар Мырза Низамшахты талқандап алмаздың иесіне айналады. Акбардың баласы Шахжаһан Мырза тасқа «Шахжаһан 1051 жыл» деп жаздырады. Оның ұлы Аврангезеб алмазды түрлі гауһарлармен көмкеріп, өз тағына орнатады. 1738 жылы Надиршах Үндістанға шабуыл жасап бұл алмазды Иранға алып кетеді. 1824 жылы алмаздың бетінде тағы бір «Тәңіртекті Каджар-Фатх али-Сұлтаншах. 1242 жыл» деген жазу пайда болады. 1829 жылы Тегеранда орыс дипломанты, жазушы А. С. Грибоедов өлтіріледі. Орыс үкіметі қылмыскерлер аяусыз жазалануын талап етеді. Арақатынастары қиындаудан қауіптенген хан әулеті сұлтан Хысрау Мырза арқылы Петербургке «Шах алмазын» тарту етіп жібереді. Осы уақыттан бері бұл асыл тас Ресей империясы мүлгіне айналады.


Massaget.kz
01 маусым 2018 ж. 2 572 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930