Бриллиант неге бағалы?
Гауһар жер бетіндегі табиғи ең қатты тас. Дегенмен, сындыруға немесе өлшемге қырнауға келмейді деген сөз емес. Гауһар жоғары темпиратурада да кішіреюі мүмкін. Гауһарды микротолқынды пешке қойып температураны фарангейд бойынша 1405 өлшемге , цельсий бойынша 763 өлшемге көтерсе ауаға тарап жоқ болып кетеді. Микротолқынды пештің ішінде іс-әрекет кезінде пайда болған көмірқышқыл газы ғана қалады.
Гауһардың түзілуіне көп уақыт керек. Ол жер қыртысында милиардтаған жылдар бойы түзіледі. 150 км тереңдіктегі жер қыртысында қалыптасады. Жер бетіне жанар тау атқылауы кезінде шығарылған. Гауһар жанар тау балқымасына оранып Кимберлит түрінде көптеп кездеседі. Басқа жағдайда өзендер ағызып әкеліп тастап теңіз түбінен табылуы мүмкін.
Гауһар қаттылығы жағынан өзінен кейінгі 2-ші орын алатын рубин мен сапфир түзетін корундт атты минералдан 58 есе мықтылығымен ерекшеленеді.
Адамдар замандар бойы гауһарды кесетін құрал табуға тырысып ақыр соңында тасты кесудің жалғыз жолы басқа гауһарды қолданып кесу керек деген шешімге келеді.
Солай бола тұра гауһар тез қирағыш , балғамен қатты соқсаңыз шашылып қалады. Әлемдегі ең үлкен гауһар Гулиан. Бұл тас оңтүстік Африкадан табылды. Кесіп-ұсақталмаған кезде салмағымен таңғажайып 3000 карат болды. Бұны артынан ұсақтап Африканың үлкен жұлдызына , Африканың кіші жұлдызына және басқа да гаухарларға айналдырды.
Кең тараған түсінік бойынша гауһар ақ түсті. Бірақ, әр уақытта олай бола бермейді. Қоспалар гаухарға көк,сары, жасыл, сұр, немесе қара өң бере- береді. Гауһар сирек табылатын тастар қатарына жатпайды. Сирек кездесетін минерал қызыл руби шығар. Гауһар өте көп тараған және өте көп табылады. Табылған гаухарлардың көбі зергерлік үшін қолдныла бермейді. Олар арзанқол сақина немесе индустрияда қолданылады.
Синтетикалық гауһарларды жасау да қоса дамып келе жатыр. Оны лити мен парафинді және сүйек майын араластырып, темір қазандықтарда қызыл температураға жеткенге дейін қайнатады. Бұл істі ойлап тапқан ғалым Джеймс Баллатин Ханнай. Бүгінгі күнде гаухарды көміртекті қатты қысыммен кристалдау арқылы да жасауға болады. Бүгінде синтетикалық гаухарды сату бизнесі кең тараған. Адам өңделген табиғи гауһар мен синтетикалық гауһардың айырмашылығын қарапайым көзбен ажырата алмайды. Бұл гауһар сарапшыларының пайда болуына алып келді.
Гауһарлар алтынға қарағанда басқаша өлшенеді. Алтынның караты оның тазалығын көрсетеді. Ал гауһардың 1 караты 200 миллиграмм. Бұл өлшеу жасанды гауһарға да табиғи өңделген гауһарға да қатысты.
© interestingfacts.org/тәржімалаған “Алаш ақпарат”
alashakparat.kz