Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде вирустық гепатиттерді анықтау скринингі басталады

Елімізде вирустық гепатиттерді анықтау скринингі басталады

Елімізде вирустық гепатиттерді анықтау скринингі басталадыБұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz. Қазақстанда вирустық гепатиттерге шалдығуды азайту мақсатында 18 жастан асқан адамдардың арасында В және С гепатиттерін анықтауға толық скрининг жүргізу жоспарланып отыр.
В және С вирустық гепатиттерімен инфекцияны ерте анықтау жөніндегі пилоттық бағдарламаны іске асыру қорытындылары, сондай-ақ елдегі сырқаттанушылықты төмендету жөніндегі іс-шараларды іске асыру жөніндегі одан арғы қадамдар Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың ауруларды талдау орталығы (CDAF) қорының директоры доктор Хоми Разавимен кездесуі барысында талқыланды.
ДДҰ-ның 2030 жылға дейінгі вирустық гепатиттерді жою бағдарламасының негізгі және маңызды мақсаттарының бірі – оларды уақытылы диагностикалау болып табылады.
В және С вирустық гепатиттері негізінен жасырын (асимптоматикалық) болғандықтан, 65% жағдайда олар цирроздың немесе бауыр обырының дамуымен аяқталады, бұл өз кезегінде жұқтырған халықтың өліміне және мүгедектігіне әкеледі. Сондықтан инфекция тасымалдаушыларын ерте сатысында анықтауды және емдеуді қамтамасыз ету маңызды, өйткені олар айналасындағылар үшін вирустық гепатит көзі болып табылады. Пилоттық бағдарламаның нәтижелері бойынша Қазақстанда тиімді диагностикалық шешімдердің көмегімен 18 жастан асқан адамдардың арасында В және С вирустық гепатиттерін анықтауға арналған жалпы скринингті бастау туралы шешім қабылданды.
12 ақпан 2025 ж. 201 0

Қоғам

Форум – БАҚ назарында
08 шілде 2025 ж. 64

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (9317)

09 шілде 2025 ж.

№48 (9315)

01 шілде 2025 ж.

№47 (9314)

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031