Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл 1 000-нан астам су маманы біліктілігін арттырады

Биыл 1 000-нан астам су маманы біліктілігін арттырады

Биыл 1 000-нан астам су маманы біліктілігін арттырадыОқу курстарынан өтетін мамандардың 105-і Қытайда тәжірибе алмасады, деп хабарлайды Egemen.kz. Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметінің мәлім етуінше сала ведомоствосы биыл қытайлық Power China компаниясымен отандық мамандарды ҚХР-да біліктілік арттыру курстарынан өткізу туралы келісімге келген. Курстар әр тоқсан сайын өтіп, оған жалпы саны 105 маман қатысады.
Еске салайық, былтыр 500-ден астам сушы маман біліктілік арттыру курстарынан өтті. Бұл бастапқы жоспардан 12%-ға артық.
Сала министрлігіне қарасты Ғылым және инновация департаментінің Су шаруашылығындағы адам ресурстарын дамыту басқармасының басшысы Дидар Жәнібекұлының айтуынша мамандарды даярлау және қайта даярлау – еліміздің су саласын жаңғыртудың маңызды бағыты.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Тараз қаласында Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ашылды, онда 200-ге жуық студент оқиды. Біздің министрлік су саласы үшін кәсіби стандарттарды әзірлейтін кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес құрды. Оның негізінде отандық жоғары оқу орындары өздерінің білім беру бағдарламаларын өзектендіретін болады», деді ол.
07 ақпан 2025 ж. 201 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031