Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КУӘЛІКТІ ПОСТАМАТТАН АЛУҒА БОЛАДЫ

КУӘЛІКТІ ПОСТАМАТТАН АЛУҒА БОЛАДЫ

Енді дүние есігін ашқан сәбилердің туу туралы куәлігін мекемелердің есігін жағаламай, іргеңізде орнатылған постаматтан-ақ ала саласыз. Қазақстанда осындай пилоттық жоба қолға алынуда. Яғни «Kaspi Bank» АҚ постаматтары арқылы құжатты азаматтарға жеткізу мүмкіндігі қарастырылуда. Мұндай оңтайлы тәсілді Әділет министрлігі Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, іске асырмақ. Демек, туу туралы куәлікті Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай алуға жол ашылады. Құзырлы министрлік осы ретте туу туралы, азаматтардың қайтыс болғаны туралы, неке қию және бұзу туралы куәліктер, анықтамалар сияқты электронды құжаттар бойынша қолданылатын электронды апостильдерді жетілдірмек. Жаңашылдық азаматтарға аталған құжаттарды алуға және бір өтініш негізінде оларға апостиль қоюға мүмкіндік беретін көрінеді. Бұл қызмет жыл соңында қолжетімді болады.

«Өскен өңір» ақпарат
28 қаңтар 2025 ж. 427 0

Қоғам

ЖЕР-АНАНЫҢ ЖАҢА СЫЙЫ

15 қыркүйек 2026 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930