Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖЫЛАН БАПТАҒАН ЖАН

ЖЫЛАН БАПТАҒАН ЖАН

Тағы бір жыл жылжыды. Қазақ жалпы кез келген жылдан жаңа үміт күткен: Тышқан жылы – тыныштық, Сиыр жылы – сыйлық, Барыс жылы – бiрлiк, Қоян жылы – қамбалы, Ұлу жылы – үлгiлi десе, Жылан жылы – жайлы, Жылқы жылы – жұтсыз, Қой жылы – құтты, Мешiн жылы – мерейлi, Тауық жылы – табысты, Ит жылы – игiлiк, Доңыз жылы – дүниелi жыл деседі.
Көзді ашып-жұмғанша жаңа жылан жылының бір аптасын тауыстық. Бүгінгі басылымның санында шиелілік Гүлдана Ержанқызы жайлы баяндамақпыз. Ерекшелігі сол, ол бүгінде жыланмен дос болып, оны сенімді серігі еткен. Өрнекті қарашұбар жылан мен әдеттегі су жыланды балаша баптап, тіпті еркелетеді. Жылан – жоғары сананың, сақ болудың және терең пайымдаудың символы. Ата-бабаларымыз үйге енген жыланға ақ ұйып, оған қиянат жасамай шығарып салуды жөн көрген. Кейіпкеріміз алғашында қос жыланға сақтықпен қарағанын тілге тиек етті. Өткен жылдың жаз мезгілінде осынау бір тіршілік иесіне қызығушылығы оянып, арнайы Алматыдан әкеледі. Қазір бірбірлеріне бауыр басып, түрлі шоу-бағдарламада өнер көрсетіп жүр. – Бүгінде бұл тіршілік иесі сенімді серігіме айналды. Адамдарды жақсы көреді. Қызығушылығым артқан соң, ұзақ ізденіс жасап, ең қауіпсізін, үйге ұстауға болатын жыландарды іздеп, таптым. Бауырымен жорғалаушылар класына жататын жыландар кейде тұйық, кейде активный ойнайды. Адам мінезі қандай құбылмалы болса, бұл тіршілік иесі де тап солай. Көп ашыла қоймайтыны тағы бар. Адамға үйренісу үшін біраз уақыт зерттейді. Бір айта кететіні, олар тазалыққа қатты мән береді. Оларды бүгінде арнайы террариумда ұстаймын, – дейді кейіпкеріміз. Қос жылан да мерекелік кештерге, көпшілік ортаға үйренген. Қатты қысып ұстамаса, адамға қарсы атыла қоймайтын көрінеді. Тек кейде иесіне еркелеп, көңілі құлазып қалатын әдеті бар екен. – Жыландар тышқанмен қоректенеді. Сол үшін Алматыдан арнайы жаңа туылған хомяк тышқанының баласын алдыртамын. Тамақ бергеннен кейін үш-төрт күнге дейін қозғамаймыз. Себебі тамақты сіңімді қорытуы керек. Бұл енді бөтен жерге келген соң, өзінің өмір сүру салтына сай барынша жағдай жасаймын, – дейді. Гүлданамен әңгімелескенімізде жыланның өздігінен қауіп төндірмейтіндігін білдік. Тек ойланып әрекет жасаса болғаны. Ендеше, келген жыл иесінен бақыт пен жақсылық күтейік!
Сұлушаш МАДИЯРОВА
13 қаңтар 2025 ж. 118 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (9300)

06 мамыр 2025 ж.

№32 (9299)

30 сәуір 2025 ж.

№31 (9298)

29 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031