Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада жүк көлігінің тіркемесі полицияның қызметтік автокөлігінің үстіне құлады

Қызылордада жүк көлігінің тіркемесі полицияның қызметтік автокөлігінің үстіне құлады

Көліктің жүргізушісі, жолаушысы, екі полиция қызметкері түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.
Бұл туралы Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 7 қаңтарда «Самара-Шымкент» тас жолының Қызылорда қаласына қарасты Талдыарал елді мекенінің тұсында болған. Сол аумақта Қызылорда облыстық полиция департаменті патрульдік полиция ротасының екі қызметкері жұмысын атқарып жүрген болатын.

- Олар бекітілген аймағында екі автокөліктің соқтығысумен болған жол-көлік оқиғасын рәсімдеп, автокөлікке отырған cәтте «MАN» жүк көлігінің жүргізушісі басқару жүйесіне ие бола алмай қарсы бағытта келе жатқан «ГАЗель» эвакуаторын және «Лексус» көлігін соққан. Ал жүк көлігінің артындағы тіркемесі полицияның қызметтік автокөлігінің үстіне құлаған. Көліктің жүргізушісі, жолаушысы, екі полиция қызметкері түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Оның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады, - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

08 қаңтар 2025 ж. 167 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930