Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сот саласында қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Сот саласында қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің құқықтық мәртебесі» Егеменді ел болып құрылғалы қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту мақсатында мемлекет тарапынан нормативтік-құқықтық актілер, оны кешенді іске асыруға бағытталған бағдарламалар қабылданып, түрлі іс-шаралар атқарылды. Ол мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, тіл мәдинетін одан әрі арттыру үшін жасалған қадамдар екені  сөзсіз.
Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту үшін қабылданған осындай құжаттардың бірі – 2019 жылғы 31 желтоқсанда бекітілген «Тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы».
Бұл бағдарламаның мақсаты қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, жаңа латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғыртуға, тіл мәдениетін одан әрі арттыруға, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының тілдік капиталын дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу. Сол арқылы қазақ тілінің ұлттық, мемлекеттік және этносаралық коммуникация тілі ретінде толыққанды қолданылуын қамтамасыз ететін іс-шаралар жүйесі жүзеге асырылады деп күтілуде.
Ендігі кезекте, қазақ тілінің аудандық сот жүйесіндегі жағдайына тоқталсақ, ағымдағы жылдың 11 айында аудандық сотқа мемлекеттік тілде түскен талап қоюлардың көрсеткіші – 68,8 пайыз болса, мемлекеттік тілде аяқталған азаматтық істердің көрсеткіші 69,9 пайызды құрап отыр. Түскен талап қоюлар мен аяқталған істердің арасындағы айырмашылықты судьяның ресми тілде түскен талап қоюды тараптардың өтініші бойынша сот ісін жүргізу тілін өзгертуімен, істің мемлекеттік тілде қаралуына түрткі болуымен байланыстыруға болады.
Әрине, сот билігі – биліктің бір тармағы ретінде мемлекеттік тілді дамытуға мүдделі. Дегенмен, процестік заңнама талаптарына сәйкес сот ісін жүргізу тілі талап қою берілген тілде іске асырылады.
Сот саласында сот ісін жүргізу тілін белгілеу тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 14-бабында нақты көрсетілген.
Сонымен бірге, мемлекеттік тілдің дамуы­на бірінші кезекте мем­лекет­тік қызметшілердің тигі­зер көмегі мен ықпалы зор. Өйт­кені, мемлекеттік саясатты іс жүзіне асыратын негізгі буын осы болғандықтан, қара­па­­йым халық, әсіресе жастар ше­неу­ніктерге қарайды, солар­дың кәсіби біліктілігіне қа­рап, би­лік­ті бағалайды, өз бола­ша­ғы­на қатысты бағыт-бағ­дарын, жос­парларын түзеді. Сон­дық­тан мем­лекеттік қызмет­шілер мем­­лекеттік тілде жетік сөйлеп, қыз­мет көрсетсе, қоғамда да мем­лекеттік тілге деген құрмет пен қажеттілік арта бермек. Осы орайда, Елба­сы­мыздың «Мем­лекеттік тілді біл­мейінше, мем­лекеттік органдарда, қызмет көр­сету саласында, құқық қор­ғау ор­ган­дарында, немесе сот сала­сында жұмыс істеу мүм­кін болмайды» деген сөзі де бүгін­гі күннің және келешектің нақты ұс­танымы болатындығын айқын­дап тұрғанын айта кеткен жөн деп ойлаймын.
Қазіргі күні республика соттарында сот төрелігін жүзеге асырушы судьялардың басым бө­лігі қазақ тілін еркін мең­герген, сот төре­лігін мем­лекет­тік тілде сапа­лы жүзеге асы­ра алатын тұл­ғалар, егер де халық сотқа қазақ тілінде жүгінетін болса неме­се өкілетті органдар тергеуді мем­ле­кет­тік тілде жүргізсе, бар­лық өңірлерде сот істерін қазақ тілінде қарауға қауқарлы судьялар жеткілікті.
Осы орайда, мемлекеттік тіл – Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Қазақ тілін білу біздің міндетіміз яғни барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту, тілдің қолдану аясын арттыруға бар күш жігерімізді жұмсауымыз керек.
Ана тілін дамыту үшін, ана тілінің мәртебесін жоғарлату үшін әркім өз ана тілінде таза сөлеуі тиіс. Себебі, жүйелі тіл жүйелі ойды құрайды. Тіл-қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлім тәрбиесінің негізі.
С.Сержанов
Сот әкімшісінің басшысы,
27 желтоқсан 2024 ж. 346 0