Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТАМАҚТАН УЛАНУ, ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

ТАМАҚТАН УЛАНУ, ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

ТАҒАМДАН УЛАНУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ Тамақтан улану ауру адамнан сау адамға жұқпайтын, кейбір микроорганизмдердің белгілі бір түрімен жаппай тұқымданған, табиғаты микробты немесе микробсыз, органикалық не органикалық емес уытты заттардың тамаққа түсуінен туындайтын жедел (кейде созылмалы) ауру. Тамақтан улану жедел және созылмалы болады. Жедел дегеніміз аяқ астынан бірден басталады. Созылмалы дегеніміз-азық түлікпен және тамақпен аз мөлшерде  түрлі уытты заттардың түсуінен болады. Тамақтан улану екі топқа бөлінеді. Микробты және микробсыз. Табиғаты микробты және микробсыз тамақтан уланулар санитариялық-гигиеналық және санитариялық эпидемияға қарсы норма мен ережелер қадағаланбауының нәтижесінде туындайды.
Тамақтан уланудың жалпы сипаттамасы:
Уланудың пайда болуының ас ішуімен тікелей байланысы;
Белгілі таралу жолының болмауы;
Ас қорыту жолының гастроэнтериті;
Әлсіз организм улануымен өтеді.
Тамақтан улану профилактикасының негізгі ұстанымдары.
1.Инфекция көзін оқшаулау.
2.Тамақтан улануды шақыратын қоздырғыштардың азық-түліктерде тұқымдану жолдарын үзу.
3.Эпидемиологиялық жағынан қауіптілік туғызатын азықтарды залалсыздандыру.
4. Микроорганизмдердің көбеюі мен токсин түзудің алдын алу.
Тамақтан уланудың алдын алу шарттары:
1. Қауіпсіз тамақ өнімдерін таңдау.
2. Тамақты дайындау технологиясын сақтау.
3. Пісірілген тамақты бірден пайдаланыңыз.
4.Азық-түліктерді мұқият сақтаңыз.
5. Алдын ала дайындалған тамақты мұқият қыздыру .
6. Шикі және піскен тамақ өнімдерін бірге сақтамау.
7. Қолыңызды жиі жуып тұрыңыз.
8. Ас үйді таза ұстау.
9.Тамақты жәндіктер мен кеміргіштерден аулақ сақтаңыз.
Ас адамның арқауы. Өмір  сүру үшін тамақ жейміз, ас ішу арқылы өзімізге керекті витамин, белок секілді органикалық заттарды тұтынамыз. Бірақта тағамдарымызды пайдаланбас бұрын оның сапасына, құрамына, пайдалану мерзіміне қараған жөн. Міне сол кезде ғана тамақтан уланудың алдын алып, көптеген аурулармен ауырмаған боламыз.Салауатты өмір салтын сақтап жүрейік. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік АҒАЙЫН».
НҰРЖАНОВА ШӘРІКҮЛ МИЗАМҚЫЗЫ
ШИЕЛІ АУДАНДЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ 
20 желтоқсан 2024 ж. 29 0

Қоғам

БІЗДІҢ НӘЙЛА
05 ақпан 2025 ж. 44

БАЛА НЕГЕ ҰМЫТШАҚ?

05 ақпан 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (9276)

04 ақпан 2025 ж.

№8 (9275)

03 ақпан 2025 ж.

№7 (9274)

28 қаңтар 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728