Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Көкжөтел – қауіпті ауру

Көкжөтел – қауіпті ауру


Көкжөтел – жедел таралатын өткір бактериялық инфекция, жоғары тыныс алу жолдарының ауруы мен толассыз жөтелмен сипатталады. Ол әсіресе, жас балалар үшін қауіпті. Көкжөтел асқынған жағдайда пневмония, мидың зақымдалуы мен тыныс алудың тоқтауына алып келуі мүмкін.
Қоздырғыш бактериялар науқас бала жөтелгенде оның демі мен қақырығы арқылы тарап, сау балаға жұғады. Бактериялар баланың тыныс органдарында өсіп-өнеді. Ауру қоздырғышы сыртқы ортада төзімсіз, бірақ ол өте сирек те болса сырқат баланың тұтынған заттары (ойыншығы, ыдысы) арқылы жұғуы мүмкін. Көкжөтелмен бір рет ауырған бала қайталап ауырмайды, өйткені аурудан кейін организмде тұрақты иммунитет пайда болады. Аурудың білінбейтін (инкубациялық) кезеңі 2 – 15 (көбінесе, 5 – 7) күнге дейін созылады. Көкжөтел, әдетте, 6 – 7 аптаға созылады. Алғашқы кезде бала жөтеледі, мұрны бітіп ұйқысы қашады, дене қызуы 38,5 – 39°С-қа дейін көтеріліп, тамаққа тәбеті тартпайды. Бірте-бірте жөтелі күшейеді (әсіресе, түнге қарай), 2 – 3 аптада жөтел жиі ұстағанда бала булығып қысылады, қызарып-көгеріп, көзінен жас ағып, тілі аузына симай, кейде кіші дәретін де ұстай алмай қалады. Жөтел қақырық түскеннен кейін басылады. Бұл кезең 2 аптадан кейде 2 айға созылады. Содан кейін дерттің беті қайтып, тұншықпалы жөтел азая бастайды, бала 2 – 3 апта “жай” жөтеліп жүреді де, бірте-бірте аурудан айығады.
– Науқас алғашқы белгілер пайда болғаннан бастап, 30 күн ішінде айналасына қауіпті. Ересектерде инфекция балалармен салыстыр¬ғанда жеңілірек өтеді, сондықтан, аурудың балаға ересек адамнан жұғу ықтималдығы жоғары. 2 жасқа жетпеген балаларда жөтелдің қатты болатындығы сондай, баланың қабырғасы сынып кетуі мүмкін. Сонымен қатар, қатты жөтелдің кезінде тыныс алу тоқтап қалуы мүмкін. Бұдан кейін балаға реанимациялық көмек қажет болады.
Көкжөтелдің қандай да бір белгісі байқалса, маман белгілеген емді ғана қолдану керек. Антибиотик көкжөтелдің бұлшық етті құрыстыру кезеңін кысқарта алмайды. Ол мұрын мен жұтқыншақта пайда болатын қоздырғышты ғана жояды. Антибиотиктің өзін дәрігердің рұқсатымен ғана қолдану керек.

Гүлстан Болатова, 
Шиелі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасы басшысының орынбасары 
13 желтоқсан 2024 ж. 109 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (9263)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (9262)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031