Ақмаяның Әбдірақымы

– Сол уақытта университеттегі ғалымдармен бірлесіп жұмыс істеп, өзімнің де ғылымға деген қызығушылығым артты. Бакалаврды аяқтағаннан кейін, магистратурада білімімді шыңдадым. 2019 жылы «Химиялық технология» бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін иелендім. Содан бір бағытта тұралап қалмай, әрі қарай білімімді жетілдіруге тырысып, 2020 жылы Қазан ұлттық зерттеу технологиялық университетінің аспирантурасына «Полимерлік композициялық материалдарды қайта өңдеудің технологиясы» мамандығы бойынша оқуға қабылданамын. Ғылыми зерттеу жұмысымның тақырыбы да өзекті. Ауыл шаруашылық дақылдарының қалдықтарын карбоксилдеу және оны шектеулі ісінетін пакерлік резина құрамында қолдану жайлы тақырып болды. Зерттеу жұмысының нәтижесінде 2022 жылы халықаралық Татарстан Республикасы үшін «50 үздік инновациялық идея» конкурсында жеңімпаз атандым.
Қазір «Ограниченно набухающие резины, наполненные лигноцеллюлозой и карбоксиметилированной лигноцеллюлозой» тақырыбындағы кандидаттық диссертацияны химия ғылымдарының докторы (х.ғ.д.) профессор Елена Черезова мен ғылыми кеңесшім техника ғылымдарының кандидаты (т.ғ.к.), доцент Карасева Юлия Сергеевна қорғауға дайындалудамын.
Расымен, ғылым жолы үлкен сабыр мен салмақтылықты талап етеді. Бұл жолға түсу үшін жастар ғылымды жан-дүниесімен түсінгені абзал. Бел ортадан кері қайтып кетпей, қай салаға келгенін түйсігімен түсініп, жоспарын жүйелеп алғаны жөн. Тезірек танылсам деген ойдан арылған ләзім. Себебі ғылым жолында оңай дүние болмайды. Қоғам, ғылыми орта жетістік пен кемшілікті өте баяу көреді, жылдам мойындамайды, – дейді кейіпкеріміз.
Еңбек жолына келетін болсақ, тәжірибе жинау мақсатында ол 2019-2023 жылдар арасында Қазан қаласындағы АҚ «КВАРТ» резинотехникалық бұйымдар зауытына «Ауысым басшысы» қызметін атқарды. Жұмыс жасау барысында зауыттың әр түрлі цехтарында жұмыс істеп, процессті оңтайландыру және жаңашаландыру жұмыстарына белсене атсалысты.
Әбдірақым Нақып бүгінгі таңда 40-тан аса ғылыми мақалалардың авторы, оның ішінде«Scopus» және «WoS» халықаралық базасында индекстелетін журналдарда 10 мақаласы жарық көрген. Тіпті 2024 жылы Q1 базасындағы журналдарда бірінші автор және корреспондент автор ретінде 5 мақаласы шыққан.
А.МАХСҰТҚЫЗЫ