Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – АДАМЗАТ САУЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – АДАМЗАТ САУЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

Қазақтың көрнекті жазушысы Жүсіпбек Аймауытовтың «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл – жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» деген сөзі, әлі де болса өзектілігін жоғалтқан жоқ. Әр мамандықты асқан шеберлікпен игеріп, терең білім мен тынымсыз еңбектің арқасында ғана еліңе ерен қызмет етіп, тер төге аласың. Бүгінде көзге көрінбейтін, бірақ атқарар жұмысы шашетектен, жануарлар мен адамдардың денсаулығына қамқорлық жасап, күрделі жұмыстарды қалтқысыз атқарып келе жатқан маңызды салалардың бірі – ветеринария. Бұл аталған сала еліміздің эпизоотиялық жағдайдың саулығы мен мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі мақсатында, тұрақтылықты сақтау жолында аянбай қызмет етіп келеді.
Президент тапсырмасына сәйкес ветеринария саласын реформалауға байланысты сала мамандарының айлық жалақылары соңғы 2 жылда 40 пайызға көтерілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық ветеринария басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев айтқан болатын. Өңірдің эпизоотиялық ахуалын тұрақты ұстап тұру мен белгіленген іс-шараларды мерзімінде орындауда, облыстың әкімшілік аумағында 8 ветеринариялық станция мен 139 ветеринариялық пунктте 780 маман қызмет көрсетеді. «Ветеринариялық іс-шараларды уақытылы ұйымдастыру үшін ветеринариялық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы мықты болуы қажет. Өңірімізде ветеринария саласына аса мән беріліп, жұмыстарын ілгерілету, материалдық-техникалық базасын жабдықтау мақсатында арнайы «Жол картасы» бекітілген. Облыстық бюджеттен соңғы 3 жылда 682,3 млн теңге бөлініп, 71 арнайы автокөлік, 163 дана компьютер, 163 дана термочемоданмен қамтамасыз етілді», – деді Шахмардан Сұлтанбекұлы. А л Ш и е л і а у д а н д ы қ а у м а қ т ы қ инспекциясының мекемесінде кәсіби біліктілігі бар жалпы 5 қызметкер жұмыс істеуде. Сала мамандары аудандағы эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы АШМ-гі бекіткен тізімге сәйкес 14 түрлі аса қауіпті жұқпалы ауруға қарсы Республикалық бюджеттен және 6 түрлі энзоотиялық ауруға қарсы облыстық бюджеттен бөлінген қаржы көлеміне сәйкес жыл басынан бері ветеринариялық ісшаралар жүйелі жүргізіліп келеді. Аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы 10 айлық қорытындысы бойынша вакцинациялау жұмыстары құтыруға қарсы МІҚ – 10 000, түйе – 900, ит – 3000, Аусылға МІҚ – 161 200 бас, уақ мал – 184 100 бас, Лептоспирозға МІҚ – 69 000 бас, уақ мал – 80000 бас, Сібір жарасына МІҚ – 91300 бас, уақ мал – 132 700 бас, жылқы – 23 650 бас, түйе – 1 700 бас, Эхинококкозға қарсы ит – 9000 бас, Қарасанға МІҚ – 47000 бас, Нодулярлы дерматитке МІҚ – 50 000 бас, Күлге қарсы уақ мал – 90 000 бас, Инфекциялық ринотрахейт – 15 000 бас, Оба уақ мал 20 000 – бас, түйе – 1 200 бас, Листериоз уақ мал – 9 600 бас, Туберкулинге қарсы МІҚ – 4 600 бас, жоғарғы патогенді құс тұмауын алдын алу мақсатында 54 000 үй құстарына егу жұмыстары жүргізілді. Мамандардың мәліметіне сүйенсек, Сарып аурына 1 бас МІҚ, 4 бас уақ малдан «оң нәтиже» шығып отыр. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру мақсатында 18 095 бас МІҚ, 36 683 бас уақ мал, 2 460 бас жылқы, 251 бас түйе, 20 бас шошқа бірдейлендіріліп АШЖБ (ИСЖ) дерек қоры базасына енгізілген. 3006 бас ит чиптеліп «TAÑBA» ақпараттық жүйесіне тіркелгенін де тілге тиек етті. Әуелден қазақ халқы төрт түлік малды қажетіне жаратып, азық ретінде пайдаланған. Талай зұлмат жылдарда ашатұяққа зар болған халқымыз қолдан келсе, асын адал ішкен, малын таза баққан. Итті жеті қазынаға қосса, мысыққа ағарған ұсынған. Қазақ халқының жан-жануарға деген сый-құрметі оның тарихында, тұрмысында, болмысында сақталған. Сондықтан болар, мал дәрігері мамандығын меңгерген кез келген жас маман іс-тәжірибеде жүріп-ақ біраз жұмысты тәлімгерлерден бір көріп меңгеріп алады екен. Ел экономикасының іргелі бөлшегі ауыл шаруашылығы саласын дамытуда ветеринария ісін қатар алып жүру аса маңызды. Бастысы, мал санының көптігі емес, оның сапасында болып отыр. Бүгінде ауданда мүйізді ірі қара – 89 898, ұсақ мал – 144 658, жылқы – 26 583, түйе – 1864, шошқа-34 басты құрап тұр. Сондықтан да бұл салада нағыз өз ісінің мамандары жұмыс істеп келеді.Түрлі ауру-сырқаудың алдын алып, қоршаған ортаны түрлі кеселден сақтау жолында бұл мекеменің еңбегі орасан зор.
Г.ӘБДІХАНИ
11 қараша 2024 ж. 74 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№98 (9262)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031