Елімізде үш бірдей тәуелсіз кассациялық сот құрылмақ
Бүгінгі күні сот жұмысына көңілі толмай, судьялар шығарған сот актілерінің сапасына арызданушылар аз емес. Әрине, сот отырысында қос тараптың мүддесі қозғалатындықтан, жеңілген тараптың өкпе-реніші, ашу-ызасы болатыны рас. Бұл табиғи құбылыс.
Дегенмен, дауларды шешудің баламалы тәсілдерін енгізу, сот актілеріне түсіндірме беру, сот отырыстарын дыбыс-бейне жазбаға жазу бойынша қолға алынған шаралар сот жұмысына деген наразылықты біршама азайтқан еді. Жоғарғы Сот бұл нәтижемен тоқтап қалмай, азаматтардың сотқа деген сенімін арттыруға түрткі болатын тетіктерді жан-жақты қарастыруда. Осы ұсыныстың қатарында Кассациялық сот құру басты орында тұр.
Осыған орай, президентіміз Қ.К.Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 5 шілдедегі № 109-VIII Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына қол қойған болатын.
Енді 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша үш тәуелсіз кассациялық сот жұмыс істей бастайды.
Президент бұл туралы ағымдағы жылдың 4 қазанында Астана қаласында өткен Судьялардың IX съезінде де айтып өтті.
Кассациялық сот-төменгі органдар шығарған сот шешімдерін қадағалайтын және түзететін сот жүйесінің бір түрі. Істерді кассациялық сатыдағы сотта қарау белгілі бір негіздер бойынша ғана мүмкін болады. Кассациялық соттың негізгі міндеті- сот шешімдерін қабылдау кезінде заңдардың дұрыс қолданылуы мен түсіндірілуінің сақталуын қамтамасыз ету. Ол істің нақты және дәлелді жақтарын қарастырмайды, тек заңның дұрыс қолданылуын заң жүзінде тексерумен ғана шектеледі. Кассациялық сатыдағы сот даулы іс материалдарын егжей-тегжейлі зерделемей, сот шешімдеріндегі нормалардың сақталуын тексеруге баса назар аударады.
Кассациялық сот заң тәжірибесінде маңызды рөл атқарады және құқықтық жүйенің дамуына ықпал етеді. Оның шешімдері жаңа прецеденттердің орын алуы үшін және қоғамдағы дауларды шешуде өте маңызды. Мұндай сот жалпы юрисдикциядағы соттар жүйесінде соңғы шешуші инстанция ретінде әрекет етеді. Бұл істі кассациялық сотта қарағаннан кейін шешімге шағымдануға мүмкіндік жоқ деген сөз. Сондықтан кассациялық соттың шешімі түпкілікті және міндетті болып табылады.
Кассациялық сатыдағы сот шешімдерінің заң тәжірибесі мен сот практикасын қалыптастырудың маңызы зор. Кассация біркелкі нормаларды белгілеуге, заңнаманы түсіндіруге және үйлестіруге, сондай-ақ кейінгі істер мен сот шешімдеріне үлгі болатын жаңа прецеденттерді жасауға әсер етеді.
Кассациялық сот шешімдерінің жалпы заң тәжірибиесінің дамуына орны ерекше. Прецедентті шешімдерді пайдалана отырып, заңгерлер мен адвокаттар бұрыннан қалыптасқан сот тәжірибесіне сүйеніп, өз клиенттерінің мүдделерін алдын ала болжай алады. Бұның өзі дауларды тиімдірек шешуге және сот ісін жүргізудің нәтижесін болжауға мүмкіндік береді.
Кассациялық сот- сот жүйесін заңсыз шешімдерден тазарту функциясында атқарады. Төменгі сатыдағы соттың шешімі заңсыз немесе негізсіз деп танылса, кассациялық сатыдағы сот оның күшін жойып, істі жаңадан сот талқылауына жіберуі немесе түпкілікті шешім қабылдауы мүмкін.
Осылайша, кассациялық соты заң тәжірибесінде, прецеденттерді белгілеуде, құқықтық тәжірибені қалыптастыруда және дауларды шешуге ықпал етуде маңызды рөл атқарады.
Н.Н.Бекетаев
Шиелі аудандық сотының
төрағасы